Untitled Document

Отбасы... Жұбайымен жақсы болу – дініміздің бұйрығы

Шихабуддин Хамауи хазреттері – Шафии фиқһ ғалымы. 583 (м.1187) жылы Сирияда Хама қаласында туылды. Уағыздарының бірінде былай деген:

Әйелінің жақсы мінезді болуын қалаған адам алдымен өзі жақсы мінезді болуы керек! Құран кәрімде адамға келген қиыншылықтар өзінің күнәлары себебімен келетіндігі айтылған. Олай болса, дініміздің бұйрықтары мен тыйымдарына мән беретін адам әйеліне жақсы қарайды.

Хадис шәрифтерде былай делінген: «Мұсылман кісі әйеліне ашуланбасын! Жаман қасиеті бар болса, жақсы қасиеті де болады».

«Әйел әлсіз жаратылыс. Әлсіздігін үндемей жеңіңдер! Үйдегі кемшіліктерін көрмеуге тырысыңдар!»

«Әйелімен жақсы қарым-қатынаста болып, қалжыңдасқан адамды Аллаһу та'ала жақсы көреді, олардың ризықтарын арттырады».

«Әйеліне жылы жүзбен қараған ер кісінің дәптеріне бір құл азат еткендей сауап жазылады».

«Мұсылмандардың иман тұрғысынан ең үстемі – мінезі ең жақсы болғаны, әйеліне ең жақсы қараған және қамқор болған кісі.»

«Әйелдеріңді қинамаңдар! Олар Аллаһу та'аланың сендерге берген аманаты. Оларға жұмсақ болып, жақсылық жасаңдар!»

«Күйеуі разы болғанға дейін әйелдің намаздары және ешқандай жақсы амалы қабыл болмайды.»

(Намаздары қабыл болмайды дегені – намаз міндетінен құтылады, бірақ намаз оқу арқылы берілетін үлкен сауапты ала алмайды деген сөз. Намазы босқа, зая кетеді деген мағынада емес. Әйелдің күйеуі разы болмаса, әйел күнәсінің жазасын тартқаннан кейін жәннатқа кіреді. Жәннатқа тек қана кәпірлер кірмейді. Мұсылманның күнәсі көп болса да, соңында міндетті түрде жәннатқа кіреді.)