Untitled Document

Денсаулық... Микротолқынды пештегі қауіптер

Технологияның дамуы өмірімізді жеңілдетумен қатар, денсаулыққа кері әсері бары сыр емес. Әлемде кітаптары ең көп сатылуымен назарға іліккен АҚШ-тық дәрігер Джозеф Меркола миркотолқынды пештердің денсаулығымызға қауіп төндіріп тұрғандығын, бұл пештерден таралатын радияциялар бедеулікке жол ашатындығын айтып, «сәбилі болғыларың келсе микротолқынды пештеріңді қоқысқа тастаңдар» деп мәлімдеп, бұл тақырыпта біршама ескертулер жариялады. АҚШ-тық дәрігер микротолқынды пештен таралатын радияциялар бала көтеру, гормон деңгейі, қан қысымы, жүрек қан айналым жүйесі, психологияға кері әсер етумен қатар зейін кемістігі, ұйқы бұзылуы, әлсіздік секілді келеңсіздіктерге себеп болатынын баяндады. Ал ыстыққа төзімді пластикалық ыдыстар микротолқынды пешке салынғанда өзінен қатерлі ісікке себеп болатын токсиндер бөлетінін ашып айтты. 

Күлімдейік... Французша сабақ

Французша сабақтан қиналып жүрген оқушысын жігерлендірмек болған мұғалімі: «Сабаққа бұрынғыдан көбірек ден қойып, құлшыныс көрсетсең, сенің бұл сабақты жақсы меңгере алатыныңа сенімдімін, тіпті көретін түстеріңе дейін французша болған күні бес алатын боласың»,- дейді. Ертеңіне оқушысы аласұрып, ентігіп мұғаліміне жүгіріп келеді: «Апай, мен бүгін бес аламын, бүгін түс көрдім, түсімде адамдардың бәрі французша сөйлеп жүр екен»,- дейді. Мұғалімі күлімдеп: «Тамаша, олар не деп жатыр екен?»- деп сұрайды. Екі иығын жоғары көтерген бала: «Білмедім, бірде-бір сөздерін түсінбедім»,- деген екен.