Untitled Document

Ғұлама... Имам Жафар Садық

Жафар Садық хазреттері – хазреті Әлидің немересі, әһли бәйттен болып, он екі имамның алтыншысы, Силсилә-и алийа деп аталатын ғұламалар шежіресінің төртіншісі. Әкесі Мұхаммед Бақыр.

Ілім мен үстемдікте заманының ең жетігі болды. Діни білімдерде болғанындай, заманының бүкіл пән ғылымдарында да ғалым еді. Жетілдірген шәкірттері алгебра және химия ғылымдарында әр түрлі жаңалықтар ашқан, осы ғылымдардың негізгі жүйелігін құрған. Химияның атасы саналатын Жәбир де Жафар Садық хазреттерінің шәкірті еді.

Имам Жафар Садықтың шәкірттерінің ең мәшһүрі Имам Ағзам Әбу Ханифа Жафар Садықтың сұхбатына екі жыл бойы қатысып, марифат қайнарынан сусындап тасаууф ілімінен нәр алды. Имам Ағзам оның алдында қол жеткізген жоғары мәртебелерді меңзеп: «Сол екі жыл болмағанда, Нуман құрып кетер еді» деген.  

Хазреті Жафар Садықтың құнды насихаттарынан:

«Бір қателік істеген кездеріңде истиғфар етіңдер, қателікте табандылық таныту құрып кетушілікке себеп. Кімде-кім күнкөріс қиыншылығын тартып жүрсе, истиғфар айтуды әдетке айналдырсын».

«Садақа беру арқылы ризықтарыңды көбейтіңдер. Зекет беру арқылы мал-мүліктеріңді қорғаңдар. Үнемдеуге мән берген адам қиыншылық көрмейді. Мұқият, жүйелі өмір сүру күнкөрістің жартысы. Адамдармен жақсы тұру ақылдың жартысы. Дертті кезде сабырсыз болған адам сауабынан мақрұм қалады».

«Мына үш қасиет мұсылманды қадірлі етеді: Зұлымдық жасаған адамды кешіру, ештеңе бермеген адамға жақсылық жасау және өзін іздемейтін адамды іздеп, сұрастыру».