Untitled Document

Сұхбат... Барлық нәрсе күнә ма? (1)

Сұрақ: Қазір мынаны істеуге болмайды, ананы істеуге болмайды деп айтылып жатады. Дінде барлық нәрсе күнә ма?

Жауап: Жоқ, дінімізде барлық нәрсе күнә емес. Халал болған нәрселердің жанында харамдар өте аз. Улы болмаған бүкіл жеміс-жидектер, көкөністер дінімізде мубах (халал). Теңіз жәндіктерінен басқа бүкіл балық түрлері, мас қылмайтын бүкіл сусындар халал. Ерлер үшін жібектен басқа кез келген мата түрі мубах (халал). Махрем туыстар және кітапсыз кәпірлерден басқа кез келген бөтен әйелге үйлену жаиз (рұқсат). Имам Раббани хазреттері былай деген: «Аллаһу та’аланың рұқсат еткен нәрселердің түрлері және саны өте көп. Ал харам еткен нәрселері өте аз. Мубахтардағы (халалдардағы) пайда мен ләззаттар, харамдардағыдан әлде қайда көп. Бәрінен де маңыздысы Аллаһу та’ала мубах істегендерді жақсы көреді, харам істегендерді жақсы көрмейді. Ақылды адам қас қағымдық ләззат үшін Аллаһу та’аланы ашуландыруды әлбетте қаламайды.» (1/163)      

Аллаһу та’ала құлдарына мейірімділік етіп, сый етіп, мубахтармен зауқтануға рұқсат еткен және көптеген нәрселерді мубах еткен. Сансыз көп болған бұл мубахтарды тастап, харам етілген бірнеше нәрсеге тұтылу Аллаһу та’аланың құзырында әдепсіздік болады. Сондай-ақ харамдардағы ләззаттар, мубахтарда артығымен бар. Халал болған сан түрлі ниғметтермен қатар, адамның іс-әрекетінен Раббысының разы болуынан артық зауқ бола ма? Құлдың ісін қожайыны ұнатпауынан артық қиындық бола ма? Біз құлмыз, жаратушы иеміз болған Аллаһтың әміріндеміз, бос жіберілген емеспіз. (1/73)

(Жалғасы ертең...)