Untitled Document

Сұхбат... Барлық нәрсе күнә ма? (2)

Адам өзінің кім екендігін, не үшін жаратылғандығын, не істеуі керектігін, неден сақтануы керектігін, жақсының, жаманның, пайдалының, зияндының, досын, дұшпанын білмесе жануардан қандай айырмашылығы бар. Адамды және бүкіл махлұқтарды Аллаһу та’ала жаратты. Жіберген пайғамбарлары арқылы: «Сендерді мен жараттым. Мені тану арқылы мәртебеленулерің үшін, Маған құлшылық етулерің үшін жараттым. Мынадай амалдарды жасасаңдар дүниеде де, ахиретте де бақытты боласыңдар. Бұларды жасамасаңдар ахиретте бақытсыздыққа ұшырайсыңдар» деп бұйырған.

Орындауымыз қажетті нәрселер мен орындамау керекті нәрселерді білдірді. Осы білдірілген қағидалардың жинағы дін деп аталады. Яғни дін адам деп аталатын осы керемет жаратылыстың қолдану нұсқаулығы. Бақытты болу, өзіне және адамдарға пайдалы болу, өзін және басқаларды зияндардан қорғау нұсқаулығы. Жақсы мен жаманды, пайдалы мен зияндыны, дос пен дұшпанды тану, ажырату нұсқаулығы.

Бұл қағидалардың барлығын адамды жаратқан Аллаһу та’ала білдірген. Бізді Ол жаратқан және жаратушы жаратқан нәрселерін ең жақсы білуші. Мейірім етіп бұл мәліметтерді бізге білдірген. Білдірмесе бұл халімізбен жануарлардан айырмашылығымыз болмас еді. Ішіп-жеп, жатып-тұрып, қырып-жойып жүрер едік. Бізге бүкіл ниғметтерді ихсан еткен Раббымызға шүкір етудің орнына, жақсылықты түсінбеушілік, шүкірсіздік етсек мұның жазасы әлбетте өте ауыр болмақ.   