Untitled Document

Ғибрат... Әйелдің ең үстем амалы

Мухиддин Искилиби хазреттеріне бір күні туысқандарынан бір әйел келіп: «Аллаһу та’аланың разылығына қауышқым келеді, ол үшін қандай амал істеуім керек?» деп сұрайды. Хазреті Мухиддин «Күйеуіңнің разылығын ал» деп жауап береді. Және сөзін былай жалғады: Бір күні хазреті Фатима, әкесінің алдына жылап келеді. Расулуллаһ алейһиссалам:

- Ей Фатима, неге жылап тұсың?-деді.

- Ойланбай айтқан сөзіме Әли ашуланды. Мен кешірім сұрадым. Бірақ оны ренжіткенім үшін жылап тұрмын.

- Қызым білмейтін бе едің, Аллаһу та’аланың разылығы күйеуіңнің разылығына байланысты. Әрдайым күйеуінің разылығын іздейтін, күйеуі де одан разы болған әйел ең бақытты әйел. Әйелдер үшін ең үлкен ғибадат күйеуіне мойынсұнуы. Күйеуі әйелінен разы болса ол әйел қалаған есігінен жаннатқа кіруге құқылы болады. Күйеуін ренжіткен әйел оны разы еткенге дейін Аллаһу та’аланың лағынетінде болады.»

Сұхбат...Бес нәрсе

Хазреті Әбу Бәкір былай деді:

Қараңғылық бес нәрседе. Олардың жарықтануы да бес нәрседе:

– Дүниені жақсы көру қараңғылық, ал мұның жарықтануы тақуалықта.

– Күнә істеу зұлымдық, ал мұның шырағы тәубе етуде.

– Қабір қараңғылық, ал мұның жарығы «Лә илаһә иллаллаһ Мухаммәдун расулуллаһ» деп айту.

– Ахирет қараңғылық, ал мұның шырағы жақсы амалдар.
– Сырат көпірі қараңғылық, ал мұның шырағы ахиретке яқинен (көріп тұрғандай) сену.