Untitled Document

Сұхбат... Күйеу ақысы

Құран кәрімде былай делінген:   

«Жақсы әйелдер, Аллаһқа мойынсұнады және күйеулерінің ақыларын орындайды. Күйеулері жоқ кезде олардың намысын және мал-мүлкін Аллаһтың көмегімен қорғайды.» (Ниса 34)  

Күйеуінің ақысына мән беріп орындаған әйел жиһад еткендей сауапқа кенеледі. Хадис шәрифте былай делінеді: 

«Күйеуінің ақысын орындау Аллаһ жолында жиһад ету секілді.» (Табарани)

Күйеуіне қолынан келгенше жылы шырай көрсетіп, сүйіспеншілігін білдіру керек, тілімен де оны ренжітпеу керек. Хадис шәрифте былай делінеді: 

«Қияметте Аллаһу та’ала күйеуін тіліменен жәбірлеген әйелдің тілін 70 аршын ұзын етіп мойнына орайды. Күйеуіне жаман көзбен қараған әйелді басы кесілген, денесі бөлшектенген күйге айналдырады.» (Шира) 

Әйелге әшекей бұйымдар мубах саналады. Алайда әшекей алу үшін күйеуін қиын жағдайға түсірмеуі керек, бөтендерге әшекейлерін көрсетпеуі керек! Сонда ғана әшекейлері жаннатқа кіруге кедергі болмайды. Хадис шәрифте былай делінген:

«Жаннатта әйелдердің аз болғанын көрдім. Себебін сұрадым “Оларды алтын және әшекей бұйымдары алдандырды” деді.» (И. Ахмет) 

«Сенен не көрдім» деп күфрани нимет (жақсылықты түсінбеушілік) етпеу керек! Хадис шәрифте былай айтылады: «Егер күйеулеріне күфрани нимет етпегенде, намаз оқыған әйелдер дереу жаннатқа кіретін еді.» (Шира) 

Күйеуіне жақсылық жасаған болса міндет етпеуі керек. Азық-түлік, киім-кешек сияқты мәселелерде күйеуін ренжітпеуі керек, орындай алмайтын нәрсені одан сұрамауы керек! Күйеуінің намысын қорғауы керек, әркез оның разылығын алып оны қуантуға тырысуы керек! Хадис шәрифте былай делінді: 

«Әйел мойнындағы күйеу ақысы, сендердің мойныңдағы менің ақым секілді. Олай болса күйеуінің ақысын орындамаған әйел, Аллаһу та’аланың ақысын орындамаған болады.» (Шира)