Untitled Document

Сұхбат... Мәуліт мұсылмандардың мейрамы

Мәуліт – туылған уақыт дегенді білдіреді. Мәуліт түні рабиул-әууәл айының 11 мен 12-сі арасындағы түн. Пайғамбарымыздың туған күні, бүкіл мұсылмандардың мейрамы. Мәуліт түні қуанған, ол түнді құрметтеген мұсылмандар көп сауап алады.

Расулуллаһ алейһиссалам дүниеге келгенде әкесінің ағасы Әбу Ләхәбтың күңі (құлы) Суәйбе “Бауырың Абдуллаһ ұлды болды” деп сүйінші сұрағанында қуанып “Оған сүт беру шартымен сені азат еттім” деген еді. Сондықтан Әбу Ләхәбтың әр мәуліт түнінде азабы жеңілдейді. Хафыз ибн Жазари Шафии былай дейді: Түсімде Әбу Ләхәбтан жағдайын сұрағанда “Қатты азап тартудамын. Тек расулуллаһтың дүниеге келгенін сүйіншілеп келген күңімді азат еткенім үшін әр жылы рабиул-әууәл айының 12-ші түнінде азабым жеңілдейді” деді. Әбу Ләхәб секілді азғын кәпірдің жазасы жеңілдейтін болса, бұл ұлы пайғамбардың үмметінен болған бір мұсылман ол туған түнде қуанып, садақа беріп, ас беріп пайғамбарымызға деген құрметін, сүйіспеншілігін көрсетсе жаннатқа қауышады. (М. Насихат)

Расулуллаһ алейһиссалам мәуліт түндерінде сахабаларына ас беріп, туған кезіндегі және бала кезіндегі болған нәрселерді айтып беретін еді. Хазреті Әбу Бәкір де халифалығы дәуірінде сахабаларды жинап расулуллаһтың туған кезіндегі таңғажайып халдерді айтатын еді. (С. Әбәдийа)

Бүгін немесе ертең ораза тұту жақсы болады. Расулуллаһ өзінің туған күндерінде шүкіршілік үшін ораза тұтатын еді. Хазреті Мәулана “Мәуліт оқылған жерден бәлелер кетеді” деген. Мәуліт түні Қадір түнінен кейін ең құнды түн болып табылады. (Әд-дурәр-ул-мәсун)

«Аллаһ бір кісіге сөз және жазу өнерін берсе, расулуллаһты мақтасын, дұшпандарын жамандасын!» деген хадис шәрифке мойынсұнылып Ислам әлемінде ғасырлар бойы мәуліт кітаптары жазылған және оқылған. Расулуллаһты мақтау ғибадат болып табылады. Мәуліт оқу расулуллаһтың дүниеге келуін, миғражын және өмірін хикаялау, оны еске алу, оны мақтау деген сөз.