Untitled Document

Ғибратты оқиға... Қажылық маусымында орын алған ғибраттық оқиға (1)

Мұхаммед Әл-Ансари хазрет – үлкен әулиелердің бірі және Ханбали мазһабының фиқһ ғалымы. 1050 (х.442) жылы Бағдатта дүниеге келді. 1141 (х.535) жылы Бағдатта қайтыс болды.

Бір қажылық маусымынан кейін Меккеде қалған Мұхаммед Ансари бір күні жолдан жібектен тоқылған әмиян тауып алды. Бір кезде бір дауыс естіді. Бір қария кісі: «Ішінде інжу-маржаны бар әмиян жоғалды, тауып әкелген адамға мына киім және бес жүз динар беремін» деп айқайлаған еді. Ол дереу қарияға барды. Қария жоғалған әмиянның және ішіндегі заттың қандай екенін айтып берген соң әмиянды оған тапсырды. Қария уәде еткен киімді және бес жүз динар ақша берді. Мұхаммед Ансари оның бергендерін алғысы келмей «Менің мұны сізге қайтарғаным дұрыс. Ол үшін ешқандай ақы алғым келмейді» деді. Қария «Ала ғой, міндетті түрде алуың керек» деп қанша тырысса да, ол қабылдамады.

Ақыр соңында қария кетіп қалды. Біраз уақыт өткен соң Мұхаммед Ансари Меккеден кетті. Бір жағалаудан кемеге мінді. Кеме жолға шыққаннан кейін біраз уақыттан соң боран басталып, толқындар кемені паршалады. Кемедегілердің көбі суға батты. Барлық заттары бұзылды. Мұхаммед Ансари үлкен тақтайға жармасып, біраз уақыт теңізде қалды. Кейін есінен танды, толқындар оны белгісіз бір жерге шығарып тастады.

жалғасы ертең...