Untitled Document

Рамазан сұхбаты... Ауызашар берудің құндылығы

Сұрақ: Ауызашар берудің сауабы қандай?

Жауап: Ауызашар беру өте үлкен сауап. Жолда кетіп бара жатып, кез-келген аузы берік адамға бір дана құрма берумен ауызашар беру сауабына қауышылады. Пайғамбарымыз алейһиссалам: «Кімде кім бұл айда аузы берік бір адамға ауызашар берсе, күнәлары кешіріледі. Сол аузы берік адамның алған сауабындай сауап бұған да беріледі». дегенінде сахабалардың кейбірі аузы берік бір адамға да ауызашар беретіндей жағдайы жоқ екендіктерін айтты. Оларға Расулуллаһ былай деп жауап берді:

«Бір дана құрмамен ауызашар бергенге де, тек сумен ғана оразасын аштырғанға да, кішкене сүт бергенге де осы сауап жазылады». (Бәйһақи)

Тағы бір хадис шәрифте былай делінді:

«Рамазанда бір қонаққа ауызашар берген адамға Сырат көпірінен өту оңай болады». (У. Нәжат)

Ас беруді ниғмет деп білу керек. Хадис шәрифте былай делінген:

«Амалдардың ең құндысы – бір мұсылманның айыбын жабу, қарнын тойдыру және мұқтаждығын беру арқылы оны қуанту». (Исфахани)

«Аллаһу та'ала тамақ жегізетін жомарт құлымен періштелеріне мақтанады». (Имам Ғазали)

«Қонақ дастарханда отырғанынша, періштелер үй иесіне дұға етеді». (Табарани)

«Жәннатта сондай зәулім сарайлар бар, бұлар жылы сөйлейтін, тамақ жегізетін және барлық адам ұйқыда жатқанда намаз оқитындар үшін.» (Тирмизи)

«Досына, оның жақсы көретін тамағын әперген адамның күнәлары кешіріледі». (Бәззар)

Дос-жарандарға тамақ беру садақа беруден абзал болады. Хазреті Әли былай деген: «Достарға жегізген бір наным, кедейлерге берген бес нанымнан құнды. Достармен желінген тамақ, құл азат етудан де абзал».