Untitled Document

Сұхбат... Омар ул-Фаруқ (радиаллаһу анһ)

Хазіреті Омар мұсылман болғаннан кейін өзі туралы былай деп әңгімелеген: «Мұсылмандықты қабылдаған кезімде сахабалар әлі мүшриктерден тығылып, құлшылықтарын жасырын орындайтын. Олардың бұл жағдайы маған қатты батты. «Йа, Расулаллаһ! Біз хақ жолда емеспіз бе?» дедім. Пайғамбарымыз: «Иә, жаным  құдірет қолында болған Аллаһқа ант етемін, өлсеңдер де, тірі болсаңдар да хақ жолдасыңдар» деді. Пайғамбарымыздың бұл жауабына: «Йа, Расулаллаһ, егер біз хақ жолда болсақ, мүшриктер қате жолда болса, неліктен дінімізді жасырамыз? Уаллаһи біз Ислам дінін күпірлікке қарсы уағыздап, насихаттауға бәрінен де лайықпыз. Аллаһу та’аланың діні Меккеде барлық діннен күмәнсіз үстем болады. Қауымымыз бізге жақсы қарым-қатынас жасаса, қандай жақсы, ал асып-тасатын болса олармен күресеміз» дедім. Расулуллаһ: «Біздің санымыз өте аз» деді. «Йа, Расулаллаһ! Сені хақ пайғамбар етіп жіберген Аллаһу та’алаға ант етемін, еш тартынбастан және қорықпастан Исламды бірде-бірін қалдырмай барлық мүшрик қауымына жеткіземін. Енді еңсемізді көтерейік» дедім. Расулуллаһ менің сөзімді мақұлдағаннан кейін сыртқа шығып, екі сап болып Харам мешітіне қарай бет алдық. Саптың бірінің басында Хамза, екіншісінің басында мен болдым. Нық қадамдар басып, Харам мешітіне кіріп келдік. Құрайштық мүшриктер біресе маған, біресе Хамзаға қарады. Біздің бұл жағдайымыз Құрайш мүшриктерін абыржытқаны сонша, мен өмірімде олардың бұндай үмітсіздікке түскенін көрген емеспін».

Хазреті Омар (радиаллаһу анһ) шәһид болған күні жер бетін сондай қараңғылық басты, балалар аналарынан «Қиямет басталды ма?» деп сұраған еді. Аналары балаларына «Жоқ, Омар бин Хаттаб (радиаллаһу анһ) шәһид болды» деп жауап берді.