Untitled Document

Күннің тарихы... Әбу Бәкір Сыддық (радиаллаһу анһ)

Әбу Бәкір Сыддық хазрет пайғамбарлардан кейінгі адамдардың ең үстемі.

Ашәра-и Мубәшшәраның, яғни жәннатпен сүйіншіленген он сахабаның біріншісі. Пайғамбарымыз алейһиссаламның қайын атасы, хазреті Айшаның әкесі. Хазреті Әбу Бәкірдің Расулуллаһ алейһиссаламға деген таңғажайып адалдығы мен сүйіспеншілігі бар еді. Қайтыс болуына пайғамбарымыздан айырылудың үлкен мұң-қайғысы, уайымы және сағынуы себеп болған. Себебі Оған деген сүйіспеншілігі мен байланысы сөздермен жеткізіп бере алмайтындай шамада көп. Пайғамбарымыз да оны қатты жақсы көретін еді.

Пайғамбарымыз қайтыс болған күні халифа болып сайланды. Халифалығы 2 жыл, 3 ай, 10 күн жалғасты. 63 жасында хижреттің 13 (григоряндық 634) жылы жәмазиәл-ахир айының жетісінде, дүйсенбі күні ауырып, 15 күн науқас болып жатқаннан кейін қайтыс болды. Жаназа намазын хазреті Омар оқыды. Пайғамбарымыздың қабірі орналасқан Хужрә-и Саадәтте жерленді.

Хижри жыл санақтың 10-шы (григоряндық 632) жылы пайғамбарымыздың қайтыс болуымен Асхаби кирамның сөзбірлігімен халифа болып сайланды. Пайғамбарлардың соңғысы Мұхаммед алейһиссаламнан кейін мұсылмандардың халифасы, яғни пайғамбарымыздың уәкілі және мұсылмандардың басқарушысы ретінде хазреті Әбу Бәкір Сыддық болды.

Хазреті Әбу Бәкірдің есімі аталғанда хазреті Омар былай деді:

«Өмірімдегі барлық амалымның Әбу Бәкірдің бір күндік және бір түндік амалы сияқты болуын қалайтын едім. Оның сол бақытты түнінде Расулуллаһпен бірге үңгірге кетті. Үңгірге жеткенде «Аллаһ үшін, Йа Расулаллаһ, ішке кірмеңіз! Алдымен мен кірейін, іште зиянды бір нәрсе бар болса, маған тисін, мүбәрәк тәніңізге қиыншылық, ауыртпалық келмесін» деді де, ішке өзі кірді. Ішін сыпырып тазалады. Жан-жағында көптеген ірі-ұсақ тесіктерді байқады. Шапанын жыртып, тесіктерді бітеді. Кейін Расулуллаһты ішке шақырды. Расулуллаһ ішке кіріп, мүбәрәк басын хазреті Әбу Бәкірдің иығына қойып ұйықтады».