Untitled Document

Сұхбат Уәжіптердің кейбірлері

Уәжіп – орындалуы парыздай нақты, бірақ Құран кәрімде дәлелі парыздай анық болмаған әмірлерге айтылады. Уәжіптің үкімі парыз сияқты. Уәжіпті тәрк ету тахримән мәкрух. Ғибадаттардағы уәжіптердің кейбірлері мыналар:

¨ Нәзірді (атағанын) орындау.

¨ Бастаған нәпіл намазын бітіру.

¨ Үтір намазын және құныт дұғасын оқу.

¨ Намазда бір парыздан екінші парызға өтуді, мысалы қиямнан рукуға иілуді және сәждеден қиямға тұруды кешіктірмеу.

¨ «Ассаламу алейкум уә рахматуллаһ» деп намазды бітіру.

¨ Парыздардың екі рәкатында және басқа намаздардың әрбір рәкатында Фатиха сүресін оқу.

¨ Фасид болған, яғни бұзылған сүннет және нәпіл намаздарды қайта оқу.

¨ Алғашқы екі рәкатта Фатиха сүресін оқу.

¨ Фатиха сүресін зәм сүреден бұрын оқу.

¨ Намазда соңғы отырыста әттәхиятуды оқу. 

¨ Намазда бірінші отырыста отыру және әттәхиятуды оқығаннан кейін көп күтпей қиямға тұру.

¨ Айт намаздарын оқу және Құрбан айтта, Арапа күні таң намазынан бастап, Құрбан айттың төртінші күні екінді намазына дейін парыз намаздан соң тәшриқ тәкбірін оқу.

¨ Жамағатпен оқылған намазда имамға ұю.

¨ Намазда зәм сүресін оқу.

¨ Нисаб (байлық) мөлшеріне ие адамның пітір беруі және құрбан шалуы.

¨ Рукуде үш рет субханаллаһ дейтіндей уақыт қимылсыз тұру.

¨ Рукуден қиямға тұрған кезде және екі сәжде арасында отырғанда бір рет субханаллаһ дейтіндей уақыт қимылсыз тұру.