Untitled Document

Тарих... Сұлтан Сүлейман және Мимар Синан

Риуаят бойынша, Қануни Сұлтан Сүлейман түсінде пайғамбарымызды көреді. Сұлтан Сүлейман пайғамбарымыздың артынан еріп жүріп қазіргі Сүлеймания мешіті тұрған төбешікке келеді. Сүйікті пайғамбарымыз Сұлтан Сүлейманға: «Михрабы мына жерде, мінбері мына жерде болсын» дейді. Қануни Сұлтан Сүлейман түсінен оянып, көп шүкір етіп, Мимар Синанды шақыртады. Ештеңе ашып айтпастан қобалжыған күйі түсінде көрген жерге Мимар Синанды ертіп апарып сөздерін енді бастай бергенінде Мимар Синан: «Сұлтаным михрабы мына жерде, мінбері мына жерде болсын» дейді. Сұлтан Сүлейман таң қалып: «Сенің бұл істен хабарың бар сияқты» дейді. Мимар Синан: «Сұлтаным көрген түсіңізде мен де бір қадам артыңызда келе жатқан едім...» дейді.

Осман империясының ұлы патшасы Қануни Сұлтан Сүлейманның атымен аталатын «Сүлеймания Мешіті» әдемілік және көркем өнер сәулеті жағынан тек түркілердің ғана емес, бүкіл дүниежүзіндегі сәулет өнердің ең таңдаулы туындыларының бірі болып табылады. Сондай-ақ заманымыздың құрылыс саласындағы соңғы жетістігі саналатын жер сілкініске қарсы жасалатын технологияны Мимар Синанның сол кезде-ақ орнатып кеткендігі анықталған. 

Құрметті оқырман!

Күнтізбе беттерінде Құран кәрім аяттары, хадис шәриф мағыналары, діни мағлұматтар, ұлы тұлғалардың есімдері мен тәбәрік атаулар бар болғандықтан, құрмет көрсетіп, лайықты болмаған жерлерге тастамауларыңызды өтінеміз.