Untitled Document

Сұхбат... Білімімен амал етпейтін адам ислам ғалымы емес

Хусейн бин Мұхаммед Масәржиси хазрет – хадис хафызы. 297 (м.910) жылы Ирандаға Нишапурда дүниеге келді. Мемлекетінде, Шам мен Иракта көптеген ғалымдардан хадис риуаят етті. Кейіннен Мысырға барып, 365 (м.976) жылы қайтыс болды. Жеткізген хадис шәрифтерінің кейбірлері төменде:

Хадис шәрифте: «Ғалымдар арасында құрметті, сыйлы болу үшін және сауатсыздармен сөз таласу үшін, барлық жерде аты шығып, танымал болу үшін діни білім алған адам жәннаттың иісін де сезе алмайды» делінген. Бұл хадис шәрифтен аңғаратынымыз: мал-мүлік жинау, мансапқа қолжеткізу және хайуани қалауларын қандыру үшін білім алған және білімімен амал етпеген адам – ислам ғалымы емес. Басқа хадис шәрифте: «Дүниелікке қолжеткізу үшін білім алған адам дүниеде мал-мүлікке және мансапқа қолжеткізеді. Ахиреттегі табысы тек қана тозақ оты болады». Ондай білімнің пайдасы жоқ. Ондай білімнен сақтану керек. Расында хадис шәрифте: «Йа, Раббым! Мені пайдасыз білімнен қорға!» делінген.

Мұсылманның үйренуі қажет болған білімдерді «Ислам білімдері» деп атайды. «Әр мұсылман ер мен әйелдің ислам білімдерін үйренуі парыз» хадис шәрифі Аллаһу та'аланың разылығына сай білімдерді үйренуді бұйырады. Ондай болмаған адамдарға білім беру доңызға алтын мен інжу-маржан тағу секілді. Хадис шәрифте: «Қияметке жақын шынайы діни білімдер азаяды. Сауатсыз дін ғалымдары өз көзқарастары бойынша фәтуа беріп, адамдарды тура жолдан адастырады» делінген. Хадис шәрифте айтылғанындай: «Бір уақыт келеді, адамдар дін ғалымдарынан көшеде кезіктірген есек өлексесінен қашқандай қашады».