Untitled Document

Сұхбат... Зекеті берілмеген мүлік

Сұрақ: Кей адамдар дүниеде зекеті берілмеген мүліктің ахиретте азаптау құралы ретінде адамға қайтарылып берілетінін айтады. Шынымен де солай ма, сондай нәрсе бола ма?

Жауап: Бұл туралы «Рияд-ун насихин» кітабында былай жазылған:

«Хазреті Әлидің жеткізгені бойынша, Расулуллаһ (алейһиссалам) «Уәда (қоштасу) қажылығында» былай деген: «Мүліктеріңнің зекетін беріңдер! Зекетін бермейтіндердің намазы, оразасы, қажылығы, жиһады және иманы жоқ екенін біліңдер». Яғни зекет беруді міндет деп білмей, парыз екеніне сенбей, бермегеніне қынжылмаса, күнәға батқанын білмесе, оның иманы кетеді. Жылдар бойы зекет бермегендердің зекет қарыздары жиналып, бүкіл мүлкіне теңеседі. Зекет беру Құран кәрімнің отыз екі жерінде намазбен бірге бұйырылған.

Имам Ғазали хазрет былай дейді:

«Адамдардың әрқайсысы дүниеде ұқыптап сақтаған мүлкін мойнына асып алған. Түйе зекетін бермегендердің мойнына түйе жүктеледі. Сиыр, қой зекетін бермегендер де осылай қиналады. Олардың жан айқайы аспанның күркірегеніндей естіледі. Егін зекетін, яғни ұшырын бермегендердің мойнына сол егіні жүктеледі. Егер бидай болса бидай, арпа болса арпа, яғни қай өнім болса, сол жүктеліп, ауырлығының астында «Уәуәйлә, уәсабура» деп айқайлайды. Алтын, күміс және қағаз ақша және т.б. сауда мүлкінің зекетін бермегендерге де қорқынышты жылан жүктеледі, оның диірмен тастарын жүктегендей салмағы бар. Олар зарлап айқайлап «Бұл не?» деп сұрайды. Періштелер оларға «Бұлар – дүниеде зекетін бермеген мүліктерің» дейді. Осы жағдай «Али Имран» сүресіндегі «Дүниеде қимағандары қиямет күні мойындарына тағылады» деген 180-ші аятымен хабарланған».

Зекетін бермегендерге ескерту ретінде Құран кәрімде «Тәубе» сүресінің 34 аятында да хабарлайды.