Untitled Document

Сұхбат ... Дұрыс жолды табу

Дүниеде адамдардың барлығы адамзатқа қызмет ету ең маңызды міндет екенін және сол үшін тер төгіп жүргендігін айтып жатады. Өз рахаты үшін, ақша табу үшін болған еңбектерін де осы қызмет үшін деген атты жамылып жүргендер де аз емес.

Адамдарға қызмет – оларды дүниеде және ахыретте бақытқа, берекеге қауыштыру деген сөз. Ал бұған жетелейтін жалғыз жол, адамдарды және бүкіл болмыстарды жаратқан, оларды жетілдірген, мейірімділігі және рахымдылығы шексіз болған Аллаһу та’аланың көрсеткен, мәңгілік пәлекеттен қорғаған, бақыт жолы – Ислам. Олай болса адамзатқа қызмет, Исламға қызметпенен өлшенеді. Исламға қызмет еткенің, адамзатқа қызмет еткенің. Адамзатқа дұшпан болғандардың бәрі Исламды жоюға тырысқан. Исламның дұрыс жолын, сенімдерін, әмірлерімен тыйымдарын білдірген мыңдаған кітаптар жазылған, бұлардың көбі басқа тілдерге аударылып, барлық елдерге таралған. Әрбір мұсылманның бұл кітаптардан Ислам ілімдерін керегінше үйренуі фарз.

Бұл дұрыс кітаптарды оқымаған немесе түсіне алмаған, кейбіреулер Құран кәрімнен және хадис шәрифтен қате мағыналар шығарып, қате пікірлерін айтып немесе жазғандар шығып жатса да, мұндай сөздерімен жазулары мұсылмандардың бекем имандылығының алдында еріп жоқ болуда. Өте аз да болса, нәпсілеріне, жаман достарына, шетел газет, журнал, кітаптарына, радио, телеканалдарына алданып жаман жолға ауытқығандар да бар. Мұндай азғындарға алданбау үшін және тұзақтарына түспеу үшін өте зерек болу керек..

Аллаһу та’ала баршамыздың дұрыс жолымен жүргізсін! Исламды бұзғысы келгендердің тәтті, алдамшы сөздеріне алданудан сақтасын! Амин!..