Untitled Document

Күннің тарихы... Малазгирт жеңісі

Х ғасырда Сейхун (сырдария) өзенінің бойындағы Жент қаласынан бастау алатын Сәлжұқ мемлекеті батысқа жылжып Анатолия жарты аралына дейін бағындырады. 26 тамыз 1071 ж Анадолы жеріндегі шешуші шайқас ретінде белгілі Малазгирт соғысында император ІV Ромен Диогеннің бастауындағы Византиялықтардың 200 000 әскерін 30 000 әскермен күйреткен Селжұқ патшасы Алпарслан Анадолыдағы түркілердің өктемдігін қуаттап нақтылап береді. Малазгирттегі бұл қақтығыс түркі-ислам тарихының ең елеулі, маңызды жеңістерінің бірі болып табылады.

Византия императоры Ромен Диоген әскерінің көптігіне сеніп жеңетініне сенімді болатын. Стамбулдан соғыс майданына келер жолда Сиваста армян бектерін өлтіріп халқын тонап талан-таражға салады. Сұлтан Алпарслан болса алдымен Рей қаласына шегінді деген сыбыс таратады, өзі болса Малазгирт даласының шығысында ыңғайлы орынға жайғасып дайындығын жасайды. Жасырын түрде Византия әскерлерінің құрамындағы бұрыннан көшіп барған әлі мұсылмандықты қабылдамаған түркі печенек, уз тайпаларының көсемдерімен келісімге келеді. Соғыс басталарда Византиялықтар үш қанаттық сап құрады. Ал мұсылман түркілер жарты ай кейпінде сап құрады. Соғыс басталып қыза түскенде түркілер кері шегінеді. Жеңгенін ойлаған византиялықтар бүкіл әскерімен ұмтыла жөнеледі. Әбден қолайлы ортаға келгендерінде екі қапталдан түркі әскерлері қоршап, шегінген түркі әскерлері қайта шабуылға шығады. Сол мезетте келісімге келген византияның құрамындағы түркілер сәлжұқтардың қатарына өтіп, ал елдерін тонағанына Диогенге наразы қалған армян әскерлері қаруларын тастап майдан шебінен кетіп қалады. Бұл жағдай византиялық әскерлердің еңсесін түбегейлі түсіріп жеңіліске ұшырайды.