Untitled Document

Жануарлар әлемі... Пілдер (2)

Дүниеге жаңадан келген пілдің баласы аяққа тік тұра алады. Салмағы 120 келіге жуық болады. Туғанда көзі соқыр болатындықтан анасының тұмсығына арқа сүйейді. Жаңа туған пілдің өмір сүруге қабілеті болмағандықтан анасы мен отардың тәжірибелі мүшелері үйрете бастайды. Анасы оған бірнеше күтуші таңдап, өзі сүтін көбейту үшін азық жинауға кетеді. Пілдер күніне 100 литр су ішіп, 300 келі қатты тағам жей алады. Пілдер тәулігіне 2-3 сағат қана ұйықтайды. Жалпы олардың өмірінің басым бөлігі тамақ іздеуге кетеді. Яғни, бір тәуліктің 20 сағатын осыған арнайды. Пілдер - Африка мен Азияның қалың ормандарында және ашық өлкелерінде мекендейді. Азия пілдерінің мекендейтін аймағы: Оңтүстік және Солтүстік-Шығыс Үндістан, Шри-Ланка, Непал, Бутан, Бангладеш, Мьянма, Таиланд, Лаос, Камбоджа, Вьетнам, Оңтүстік-Батыс Қытай, Малайзия (құрлығында және Борнео аралында), Индонезия (Борнео, Суматра) және Бурней аймағы.

Қызықты мәліметтер:

•Піл – төрт тізелі және төрт аяғын көкке көтеріп басымен тұра алатын жалғыз жануар.

•Үндістандағы пілдердің алдыңғы аяғында бес саусақ болса, артқы аяғында төрт саусақ болады.

•Бүкіл хайуандар арасында пілдің миы ең ауыры саналады. Миының салмағы – 5 келі.

•Жүкті піл құрсақтағы баласын 22 апта бойы көтеріп жүреді. Бұл жануарлар арасындағы рекордтық көрсеткіш.

•Пілдер бір-бірімен дыбыс және аяқтарын таптау арқылы қарым-қатынас жасайды. Адамдардың құлақтары бұл дыбысты ести алмайды.

•Таиландта пілдер ұлттық әрі қасиетті жануар саналады.

•Үйретілген піл бірден 70 бұйрықты есте сақтай алады.