Сұхбат... Киелі жерлер мен қасиетті уақыттар
Белгілі болғанындай, кейбір жерлер басқа жерлерге қарағанда киелірек, кейбір адамдар өз қатарынан құрметтірек болғаны сияқты, кейбір уақыттар да басқаларына қарағанда киелірек, қасиеттірек, мүбәрәк қылынған.
Қасиетті мекендердің басында «Мәсжид-и Харам», «Мәсжид-и Нәбәуи», «Мәсжид-и Ақса», «Мәсжид-и Қуба» болып, Аллаһу та'алаға ғибадат жасалатын барлық мешіттер, Оның бұйрықтары мен тыйымдары үйретілетін жерлер тұрады.
Қадірлі, құрметті адамдардың басында «Улул-азм» пайғамбарлар, расул және нәби пайғамбарлар тұрады. Олардан кейін үстемдік ретінде Асхаби кирам (бүкіл сахабалар), табиин және тәбә-и табиин бастаған басқа да ғалымдар мен әулиелер бар.
Қасиетті уақыттарға жататын «Үш айлардың» алғашқысы «Рәжәб-у фәрд» – Аллаһу та'аланың айы, екіншісі «Шабан-ул муаззам» – пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) айы, ал «Рамазан-ул мүбәрәк» – бүкіл мұсылмандардың айы ретінде қабылданады.
Сонымен қатар, ражаб айы кешірімге, бұл айдан кейінгі шабан айы шапағатқа, ал рамазан айы сауаптардың еселеніп берілуіне тән айлар екендігі хабар берілген.
Сондай-ақ, ражаб айы тәубе, құрмет және ғибадат айы, шабан айы махаббат пен қызмет айы, үш айдың үшіншісі және бүкіл айлардың сұлтаны рамазан айы болса жақындық пен ниғмет айы екендігі айтылған.
Бұл дүние сынақ, емтихан орны. Бұл емтиханды тапсырып шығу үшін ислам діні әмір еткеніндей сену және парыз етілген ғибадаттарды орындау, тыйым салынған нәрселерден сақтану қажет және шарт.
Ұлы Раббымыз Құран кәрімде «Мүлк» сүресінің 2-ші аятында «Қайбірлерің жақсырақ амалда болатындарыңды сынақ арқылы анықтау үшін өлімді де, өмірді де жаратқан Ол» делінген.
Аллаһу та'ала айтады:
«(Ей, Расулым!) оларға айт: дұғаларың (имандарың, ғибадаттарың, құлшылық пен жалбарынуларың) болмаса, Раббым сендерді не деп қадірлесін?» (Фурқан 77).