Жалғасы... Қауымдардың апатқа ұшырау себептері (2)
4. Дүниеқоңыздық: Бір хадис шәрифте:
«Аллаһқа ант етем! Мен сендердің кедей болуыларыңнан қорықпаймын. Бірақ сендерге дейінгілерге дүние қалай билік қылса, солай билік қылуынан және дүние үшін олардың жарысқаны секілді сендердің де жарысуларыңнан, дүние оларды апатқа ұшыратқанындай сендерді де апатқа ұшыратуынан қорқамын».
5. Зинаның етек алуы
Зина – ауыр қылмыс, апатқа апарып соқтырушы үлкен күнә, ар-ождан мен абыройға қарсы жасалынған дұшпандық. Таза ақыл да оны құп көрмейді, шариғат та оған рұқсат бермейді және оны дін де қабыл алмайды. Бізге дейінгі жойылып кеткен қауымдарда зинақорлық кең етек алғаны тарихтан мәлім. Бұл істің тыйым салынған харам амал екендігіне Аллаһу та’аланың Кітабынан да және пайғамбарымыздың сүннетінен де дәлелдер жеткілікті. Бір аяти кәримада былай дейді:
«Және зинаға жақындамаңдар! Расында ол бір азғындық және жаман жол».
6. Ішімдіктің судай ішілуі: Алла елшісі мүбарак хадисінде:
Ибн Омар радиаллаһу анһ жеткізген бір хадис шәрифте пайғамбарымыз алейһиссалам былай дейді: «Арақ он түрлі қырынан қарғысқа ұшырады: арақтың өзі, оны ішуші мен құйып беруші, сатушы мен сатып алушы, дайындаушы мен дайындатушы, әкелуші мен әкелдіруші және арақтан түскен пайданы жеуші Аллаһ тарапынан қарғысқа ұшырады».
7. Пайғамбар әміріне қарсы амал ету мен дінді мазақ ету:
Құрани кәримде азғын қауымның басына келген апаттарды бізге ғибарт үшін баян етуде. Сондай апат пен азапқа ұшырамау үшін шектен шықпай, күпірлік етпей, арсыздық пен зұлымдық жасамай, ішімдік пен нашақорлықтан алыс тұрып, әлсіздерге қамқор болып, ысырап етпей, зинаға жақындамай, парақорлыққа бармай, Аллаһқа деген сенімі берік болу керек.