Untitled Document

Рамазан сұхбаты... Оразаның түрлері

Оразаның сегіз түрі бар.

Парыз болған оразалар: Қасиетті рамазан айындағы ораза.
2- Муаййан (белгілі бір уақытта) болмаған парыз оразалар: Қаза және кәффарат оразалары осылай.
3- Уәжіп оразалар: Бұлар белігілі уақыттарда болады. Белгілі бір күні немесе бірнеше күн ораза тұтуды атау (нәзір ету) секілді оразалар.
4- Ғайримуаййан (белгілі уақытта болмаған) оразалар: Кез-келген бір күн немесе бірнеше күн ораза тұтуды атау секілді оразалар.
5- Сүннет болған оразалар: Мұхаррам айының тоғызыншы және оныншы күндері ораза тұту секілді.
6- Мүстаһаб болған оразалар: Әр араби айдың 13 -14 -15 күндері және құрбан айтының алдындағы арапа күні ораза тұту мүстаһаб болады.
7- Харам болған оразалар: Рамазан айтының бірінші күні және құрбан айттың барлық күнінде ораза тұту харам болады.
8- Мәкрух болған оразалар: Мұхаррам айының жалғыз оныншы күні, тек жұма немесе сенбі күні, наурыз немесе меһрижан күндері және бүкіл жылдың барлық күнінде ораза тұту және сөйлемеу шартымен ораза тұту мәкрух болады.

Пітір беру

Өзіне қажет заттардан, қарыздарынан артылатын малы және ақшасы бар әрбір мұсылманның рамазан айында айт намазына дейін пітір беруі уәжіп. Сапардағы адамның да пітір беруі керек.

Қажет нәрселер дегеніміз бағасы қанша болса да бір үй, бір айлық азық-түлік, жыл сайын үш қабат киім, үй заттары, көлік құралдары, мамандық кітаптары және төлейтін қарыздар. Саудаға арналмаған, қажеттілігінен артылатын нәрсе, жалдағы үйлер, үйіндегі әшекей бұйымдар, өнер және сауда заттары, жерге төселмеген кілемдер, қолданылмайтын артық үй заттары - пітір мен құрбандық етілетін заттар болып табылады.

Пітір ретінде 1750 гр бидай немесе бидай ұны, 3,5 кг арпа, құрма немесе кепкен жүзім беріледі. Осылардың бағасымен есептеп алтын немесе күміс беруге болады.