Untitled Document

Жалғасы... Танымал адамдардың хоббиі (2)

Генри Форд – мұражай құрушы. Автокөлік өнеркәсібін дамытуға көп күш жұмсаған аты аңызға айналған америкалық кәсіпкер жалпы тарихты, әсіресе өнеркәсіптік революция тарихын жақсы көретін. Ол көптеген атақты ғимарат­тардың, көліктер мен ескерткіш­тердің нақты үлгілері мен макеттерін бір жерге жинау үшін қыруар қаржы жұмсады. 1929 жылы ашық аспан астындағы мұражай ашылды, ол алдымен «Генри Форд» мұражайы, кейінірек «Гринфилд» ауылы деп аталды.

Уолт Дисней теміржолға әуес болған. Уолт Дисней пойыздарды жақсы көретін. Диснейлендтің ешқайсысы ойыншық теміржолсыз болмаған және оның кеңсесінде паровоздың үлкен үлгісі орнатылған. Дисней үйінің айналасында көпір және жылжымалы пойыздар бар темір жолдың көшірмесі салынған.

Никола Тесла көгершінді жақсы көретін. Теңдесі жоқ өнертабыстары үшін «болашақ адамы» деп танылған, замандастарының пікірінше, «XX ғасырды ойлап тапқан» Тесла көгершіндерді жақсы көретін. Ол жабайы көгершіндерді серуендеу кезінде тамақтандырған, ал ауырып бара алмайтын кезде құстарды тамақтандыратын арнайы адам жалдаған.

 

Ораза неге бұзылды?

Әулие құлдардың оразасы астан тыйылумен ғана шектелмеген. Олар ауыз бекіткенде бойды барлық жаман қылықтардан аулақ ұстап, рухани тазалыққа көп көңіл бөлген. Жаратушының разылығын мақсат тұтқандықтан, жыл он екі айдың барлығын Рамазан айындай құрметтеп, үнемі ораза ұстаған. 

Ауыз бекіткен бір күні қасындағылар үндістанның патшасын сырттай өсекке таңды. Сонда ораза тұтқан әулиелердің бірі: «Қап, оразамды бұзып алғанымды қарашы» деп өкініш білдірді. 

Әулиенің бұл тосын қылығына қасындағылар «Айтылған өсек оразаны бұзатынын меңзедіңіз бе, алайда өсекті сіз емес басқалар айтқан жоқ па?» деп таңырқағанда, ол

«Ғайбат – айтушыға да, тыңдаушыға да ортақ» деген хадиспен жауап берді.