Untitled Document

Сіз білесіз бе? Танымал адамдардың хоббиі (1)

Илон Маск – Джеймс Бондтың жанкүйері. Бұл атақты инженер, кәсіпкер, өнертапқыш және инвестор бізге SpaceX, Tesla Motors және PayPal компанияларының негізін қалаушы ретінде жақсы таныс. Дегенмен, коллекционерлер арасында ол Джеймс Бондпен байланысты көптеген заттардың иесі ретінде танымал. Мысалы, Илон 1977 жылғы фильмде сүңгуір қайыққа айналатын Lotus Esprit көлігінің біріне ие.

Уоррен Баффет – гитарист. Әлемдегі байдың бірі Уоррен Баффет укулеле жинағанды жақсы көреді және өзі де бұл аспапта жақсы ойнайды, тіпті көпшілік алдында өнер көрсетуден де тайынбайды.

Билл Гейтс – оқырман. Microsoft-тың негізін қалаушы сұхбатында тенниске және бридж ойынына деген сүйіспеншілігін айтқан. Бірақ оның бала кезінен бергі негізгі сүйікті ісі – кітап оқу. Гейтс кітапханасын сирек кітаптармен толтыру үшін арнайы адамды жалдап, тіпті 1994 жылы ХV ғасырға тиесілі Леонардо да Винчидің ғылыми жазбалары бар қолжазба үшін 30,8 миллион доллар төлеген. Сонымен бірге ол жыл сайын оқырмандарға жаңа кітап ұсынғанды әдетке айналдырған.

Томас Эдисон – диетолог. ХХ ғасырда техникалық жетістікке Томас Эдисон зор үлес қосты. Эдисон телеграф, телефон, кинокамера, фонограф сияқты заттарды ойлап тапты, жетілдірді немесе нарыққа енгізді. Алдымен телефонда «Сәлем» (Hello) деп айтуды ұсынған да сол. Ал өнертабыстардан бос уақытында ол әртүрлі диеталар мен олардың адам ағзасына әсерін зерттеді. 1930 жылы Эдисонның өлімінен бір жыл бұрын әйелі сұхбатында «дұрыс тамақтану – оның ең үлкен хоббилерінің бірі» деп айтқан.

жалғасы ертең...