Untitled Document

Рамазан сұхбаты... Оразаға қатысты сұрақ-жауаптар! (1)

Сұрақ: Дәрет алғанда немесе ауызды шайғанда қалған ылғалды жұту оразаны бұзады ма?

Жауап: Ауызды шайғаннан кейін ауызда қалған ылғалды түкірікпен жұту оразаны бұзбайды.

Сұрақ: Аузы берік екендігін ұмытып ішіп жесе ораза бұзылады ма?

Жауап: Бұзылмайды, есіне түскенде тоқтатуы керек.

Сұрақ: Тұмау ауруына байланысты мұрнымнан су ағуда, оны қақпай ішке қарай жұтуым оразаны бұзады ма?

Жауап: Бұзбайды.

Сұрақ: Ауыздағы түкірікті, қақырықты жұту оразаны бұзады ма?

Жауап: Ешқайсысы бұзбайды.

Сұрақ: Сәре тамағын жеп болып, имсак уақытына жақын тісімді тіс пастасымен жуамын. Аузымды қанша шайғанмен дәмі аузымда сезіледі, бұл жағдай оразаны бұзады ма?

Жауап: Бұзбайды.

Сұрақ: Ораза кезінде дәрет алғанда ауызға, мұрынға суды аз алуға бола ма?

Жауап: Ия, болады.

 Сұрақ: Гель, крем, дезодорант қолдану оразаны бұзады ма?

Жауап: Ешқайсысы бұзбайды.

Сұрақ: Қол, бет, дене лосьондары немесе кремдерінің құрамында спирт болғаны үшін, намаз оқығанда және ораза тұтқанда бұл кремдерді қолданбау керектігі, нәжіс саналатыны дұрыс па?

Жауап: Жоқ, мұндай қоспа спирттер кешірілген болып саналады.

Сұрақ: Құлаққа дәрі тамызу оразаны бұзады ма?

Жауап: Ия, бұзады.

Сұрақ: Ораза кезінде құлақты мақталы шимен тазалау оразаны бұзады ма?

Жауап: Шафии мазһабында бұзады, Ханафи мазһабында бұзбайды.