Untitled Document

Рамазан сұхбаты... Оразаға қатысты сұрақ-жауаптар! (2)

Сұрақ: Ораза кезінде құлағым суықтап құлық ағуы оразаны бұзады ма?

Жауап: Бұзбайды. Оразада көбіне денеден шыққан нәрселер оразаны бұзбайды. Мәселен қан алдыру оразаны бұзбайды. Бірақ өз қалауыңмен ауыз толтырып құсатын болса ораза бұзылады. Оразаны көбінесе денеге кірген нәрселер бұзады, мәселен укол салдыру оразаны бұзады.

Сұрақ: Қан алдырғанда ораза бұзылады ма?

Жауап: Бұзылмайды.

Сұрақ: Душ алғанда құлаққа сабынды су кірсе ораза бұзылады ма?

Жауап: Бұзылмайды.

Сұрақ: Ауыз берік кезде мұрынға тартқан су ауыздан шықса ораза бұзылады ма?

Жауап: Бұзылады. Мұрынға дәрі тамызу секілді суды да тартқанда тамағымыздан шықса ораза бұзылады, қазасын ұстау керек.

Сұрақ: Ара шақса ораза бұзылады ма?

Жауап: Бұзылмайды.

Сұрақ: Ауыз берік кезде ғұсыл алу оразаны бұзады ма?

Жауап: Ғұсыл алумен ораза бұзылмайды. Бірақ ауыздан, мұрыннан ішке су кіретін болса немесе судың ішіне отырса (ваннаға, бассейнге) немесе іш дәрет алғанда ішке су кірсе бұзылады.   

Сұрақ: Жарылған ерінге немесе қолға вазелин, крем жағу оразаны бұзады ма?

Жауап: Жоқ, бұзбайды.

Сұрақ: Ауруханада асқазанды тексеру үшін бір ұшы сыртта бір ұшы асқазанға салынатын құрал оразаны бұзады ма?

Жауап: Бұзбайды.

Сұрақ: Ораза тұту харам болған айлармен күндерді жазасыздар ма?

Жауап: Ораза тұту тек айт күндері харам болады. Бір жылда бес күн. Яғни құрбан айттың төрт күні және рамазан айттың бірінші күні тұтуға болмайды. Қалған күндердің бәрінде ораза тұтуға болады.