Сұхбат... Науқастың көңілін сұрау
Науқастанып қалған мұсылман бауырының көңілін сұрау – үлкен сауап. Мұндай адам Хақ Та’аланың рақымына бөленеді. Біреудің көңілін сұрауға барған кезде есіктен ішке кіруге рұқсат сұралады. Бисмилләһ деп кіріп, науқастың оң жағына отырады. Ішке кірген кезде сәлем беріп, хал-жағдайын сұрайды. Тез жазылып кетуін тілейді. Қажет нәрсесі бар болса жасайды.
Ауру адамның бетіне тіке тесірейіп қарауға болмайды. Түнеріңкі жүзбен қасында отыруға болмайды. Жылы жүзбен, оның жақсы көретін нәрселері туралы әңгіме айтылады. Оны қуантатын хабарлар айтады. Тез жазылып кететінін айтып оны жұбату керек. Мұндай сөздер ауру адамның көңілін жайландырады.
Науқастың қасында көп отыруға болмайды. Ауру адамның дұғасын сұрау керек, өйткені олардың дұғасы періштелердің дұғасы секілді. Науқастың қасында жақсы нәрселер айтып, дұға ету керек. Өйткені, періштелер бұл дұғаларға «әмин» дейді.
Науқастың қасынан кетерде оның жазылып кетуін тілеу керек. Науқас адамдардың көңілін сұрауға жиі барып тұру қажет. Жаназа намаздарға қатысу керек. Қабірлерді зиярат етіп тұру қажет. Осы үш нәрсені толық орындаған адам аурудан құтылады. Дүние сүйіспеншілігінен арылады. Жүрегі нұрланып, көңіл көзі ашылады.
Ауру күнәнің кешірілуіне себеп болады. Ауру, дерт, қайғы күнәларды алып жүрмейді. Науқастың өзі қаламаса да жақсы адамдар барып, бір рет «Фатиха» оқитындай уақыт қасында отыру керек. Ауруға «ешкіммен кездеспейсің» деп тыйым салынбауы тиіс. Қасына дұрыс адамдар барып, «Ясин» сүресін оқығаны жөн. Іштен оқу да пайдалы.
Аурудың қасында ауруды арттыратын сөздер, мал, сауда, газет, саясат туралы әңгімелер айтылмауы тиіс.
Аурудың қасында әулиелердің, ғалымдардың сөздері айтылып, оларға деген сүйіспеншілік арттырылуы тиіс. Әулиелерді еске алу рахметке себеп болады.