Untitled Document

Қызықты дерек... Әлемдегі қызықтар (2)

* «Жезді мұрт» Сталиннің бойы 160 сантиметр болды. Сондықтан фотографтар оны көп жағдайда төменнен жоғары қарай түсірген. Сталиннің бір қолы екіншісінен сәл қысқалау болған. Осыған байланысты көп жағдайда ол бір қолын қалтасына салып немесе сигарет тартып тұратын болған. Сталин ғана емес, көптеген танымал тұлғалардың бойында осындай дене кемшіліктері болған. Мысалы, Бірінші Петрдің басының домалақ пішіні өте кішкентай болған. Ал Наполенның бойының ұзындығы  150 сантиметр ғана.

* Ресейде тұңғыш рет айықтырғыш бөлмесі 1902 жылы Тула қаласында дәрігер Федор  Архангельскийдің бастамасымен ашылған.

* Бразилияда өткен әлем чемпионаты қымбат турнирлердің бірі болды. Оған 30 миллиард доллардай қаржы жұмсалған. Ал соңғы әлем чемпионатына Франция  – 40 млн, Жапония – Оңтүстік  Корея – 5 млрд, Германия  – 6 млрд, Оңтүстік  Африка – 4 миллиарда доллар жұмсаған.

* Әлемдегі ең жылдам жүгіретін футболшылардың бірі  – португалдық Криштиану Роналду. Ол сағатына 39,2 шақырым жылдамдықпен жүгіре алады.

* Әлемнің әр елінде әйелдерге қарағанда ерлер өз-өзіне көбірек қол жұмсайды. Кейбір елдерде, атап айтқанда, Ресей мен Бразилияда ерлер арасында өзін-өзі өлтіру өзге мемлекеттермен салыстырғанда 6 есе жоғары.

* Жирафтың баласы туылғанда 1,5 метр биіктіктен құлап түседі.

* Адам көзін ашып түшкіре алмайды екен.

* Ұлудың қозғалыс жылдамдығы – 1,5 мм/секунд.

* Әлемдегі 23 ұлт жылқыны киелі жануар деп есептейді. Соның бірі – қазақ халқы.

* «Оскарды» ең көп иемденген актерлер: Кэтрин Хепберн  (4 рет),  Мерил Стрип (3 рет), Уолтер Бреннан  (3 рет),  Ингрид Бергман  (3 рет),  Дэниел Дэй Льюис (3 рет),  Джек Николсон(3 рет).