Untitled Document

Қызықты дерек... Әлемдегі қызықтар (1)

* Егер сіз  үйіңізді тезірек сатқыңыз келсе, онда сыртын сары түске бояп барып, жарнама бергеніңіз дұрыс.

* Оңтүстік Африка Республикасы суық қару қолданып, адамға шабуыл жасау, тонау, зорлау жөнінен әлемде бірінші орында екен.

* Пайыздық дерекке жүгінер болсақ, әлемнің басқа елдерімен салыстырмалы түрде қарағанда, АҚШ-та азаматтар түрмеге көп отырады.

* Швейцарияда мектеп мұғалімінің айлық жалақысы 33 мың доллар шамасында.

* Әйелдердің 90 пайызы универмагқа немесе сауда үйіне кірер сәтте бірден оң жаққа бұрылады екен.

* Америкалықтар балалар тағамынан гөрі мысықтың тамағына ақшаны көп жұмсайтын көрінеді.

* Біздің өмір бойы жеген тамағымыздың салмағы 27 тонна болады екен, ал бұл 7 пілдің салмағына тең.

* Әлемде  әрбір үшінші секундта дүниеге сәби келеді.

* Өтірік айтып тұрған  адамдардың көзі көбінесе жоғары-төмен қарайды екен.

* Кубада жаңбыр тек түскі уақытта, ал Тайландта тек түнде жауады екен.

* Әлемде адамдардың 0,7 пайызы кез келген уақытта арақ ішіп жүреді екен.

* Денесіне толық сурет салынған адам Шотландияның Скай қаласында тұрады. Оның терісінің 99 пайызына татуировка жасалған. Ол адамның екі жерінде ғана таңбаланған сурет жоқ. Аяғының башпайларының арасында және құлағының ішіне  ғана татуировка салынбай қалған.