Untitled Document

Денсаулық... Миды жұмыс істеуден бас тартқызатын себептер

Миды жалқаулыққа жетелейтін 7 принциппен таныс болыңыз. Сонымен, миыңыз жұмыс істеуден бас тартады, егер:

- Ұйқыңыз қанбаса. Созылмалы ұйқысыздық денсаулыққа зиян келтіріп қана қоймай, ол зейін қою мен ми жұмысын әлсіретеді. Көптеген адамға күнделікті кем дегенде 7-8 сағат ұйқы қажет, бірақ бұл сан әркімде әрқалай.

- Сресті басқара алмау. Стреске жол бермеу керек. Стреспен күресудің көптеген қолжетімді амалдары бар, оның ішінде күнделік жүргізу, психологпен жұмыс, дұрыс демалу жаттығулары және т.б..

- Қозғалмау. Физикалық жаттығулар қан айналымын жақсартады, ал бұл өз кезегінде оттегі мен нәрлі заттардың дененің барлық жасушасына таралуын қамтамасыз етеді.

- Жеткілікті су ішпеу. Біздің денеміз шамамен 60% судан тұрады, ал ми одан да көп — 80%. Егер ағзаға жеткілікті су ішпесеңіз, онда ашуланғыш және тез қозғыш боласыз, дұрыс шешім қабылдай алу мүмкіндігіңіз төмендеп кетеді.

- Пайдалы майларды тұтынбау. Трансмайлар (маргарин т.б.) деп аталатын өңделген, сутектендірілген майларды тұтынбауға тырысыңыз және қаныққан мал майларын тұтынуды азайтыңыз. Ал полиқаныққан және моноқаныққан майлар (олар жаңғақ, рафинадталмаған өсімдік майларында, авокадода бар) мен омега-3 май қышқылдары (сапалы балықта, грек жаңғағында, зығыр дәндерінде болады) миға өте пайдалы.

- Миды жаттықтырмау. Жаңа сабақтарды оқу, шет тілін үйрену, қосымша дағдыға үйрену, интеллектуалдық хобби ми қорын сақтап қалуға және көбейтуге көмектеседі. Үздіксіз «мидың жаттығуы» оның өмір бойы жоғары деңгейде жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

- Күнделікті жаңа піскен жемістер мен көкөністер жемеу. Тұтынатын тағамымызда өңделмеген өнімдердің болуы ағзамызға өте пайдалы, бұл әсіресе өсімдіктерге қатысты: көкөністер, жемістер, көк шөп, дәнді дақылдар, бұршақ тұқымдастар. Олар дәрумендер, минералдар, антиоксиданттар мен жасұныққа бай; мұның бәрі мидың жұмысына қажетті.