Untitled Document

Ғибрат... Дұға алыңдар!

Бір күні Әбул Хасан Харқани хазреттерінен адамдар насихат сұрап келеді. Хазреті Әбул Хасан оларға «Дұға алыңдар, адамдардың разылығын, батасын алыңдар!» дейді. Келгендер «Кімнің дұғасын алайық?» дегенінде, «Мұқтаждардың дұғасын алыңдар, әсіресе әке-шешең мұқтаж жағдайда болса, олардың дұғасын алу үлкен дәулет» деп мына оқиғаны айтып береді:

Бір замандары екі ағайынды және бұлардың қызметіне мұқтаж аналары бар еді. Ағайындылар әр түні кезекпен анасының қызметін атқаратын. Біреуі қызмет еткенінде екіншісі ғибадат ететін. Бір түні біреуі ғибадаттың ләззатына ергені соншалық бауырына: «Сен тағы бір түн анамызға қызмет ете аласың ба» деп өтініш білдіреді. Бауыры келісіп түні бойы анасының қызметін атқарғанында, бұл түні бойы ғибадат етеді. Таңға жуық ұйқы қысып көзі ілініп кетеді. Түсінде:

– Бұл істе бауырың олжалы шықты және бүкіл күнәлары кешірілді,- деген дауыс естиді.

– Ал менің күнәларым ше?

– Сен де бауырыңның құрметі үшін кешірілдің,- делінеді. Таң қалған еді:

– Мұның хикметі не болды екен?- деп сұрайды. Мынадай жауап алады:

– Аллаһу та’ала сендердің ғибдаттарыңа мұқтаж емес. Ал аналарың сендердің қызметтеріңе мұқтаж. Оған қызмет ету, нәпіл ғибадаттан да артық сауапты іс.