Untitled Document

Сұхбат... Достықты тәрк ету...

Мұсылманның дін бауырына үш күннен артық ренжіп, ашуланып жүруі харам болып табылады. Хадис шәрифте: «Мұсылман мұсылманмен үш күннен артық араздасуы халал болмайды. Үш түннен кейін оған барып сәлем беруі уәжіп болады. Сәлеміне жауап берсе ортақ сауапқа ие болады. Жауап бермесе күнәсі өзіне болады» делінген.

Ерлердің де, әйелдердің де дүниелік іс үшін мұсылманның мұсылманға араздасуы, яғни оны тәрк етуі, онымен байланысын үзуі рұқсат емес. Мұсылман еместерге де дүниелік істер үшін араздасу рұқсат емес. Жылы жүзбен, жылы сөзбен олардың да көңілдерін тауып ренжітпеу керек, кісілік хақыларына мән берген жөн.

Араздасқан адамдардың үш күн толмай тұрып татуласқаны дұрыс.

Хадис шәрифте: «Сенімен ренжіскен адаммен татулас! Зұлымдық жасағанды кешір. Жамандық жасағанға жақсылық жаса!» делінген.

Күнә істеген адамға сабақ болсын деп онымен аздап ренжісу рұқсат, тіпті мүстаһаб болады. Аллаһу та'ала үшін араздасқан болады. Хадис шәрифте: «Амалдардың, ғибадаттардың ең құндысы – хубби филлаһ және буғди филлаһ» делінген.

Дауд алейһиссаламның алдына бір-біріне шағымданып екі адам келеді. Дауд алейһиссалам оларды тыңдап, мәселелерін шешіп, кетіп бара жатқанда Әзрейіл алейһиссалам келіп:

- Бұл екі адамның біріншісінің ажалына бір апта қалды. Екіншісінің өмірі бір апта бұрын біткен еді, бірақ өлмеді,-деді. Дауд алейһиссалам таң қалып себебін сұрағанда:

- Екіншісінің бір туысы бар еді. Ол бұл адаммен ренжіскен еді. Бұл оған барып көңілін аулады, татуласты. Осыған орай оған Аллаһу та'ала тағы жиырма жыл өмір қосты,- деп жауап берді.

Қорыта айтқанда, араздаспау, ренжіспеу, ұрыспау керек. Достықты тәрк етпеген жөн және айырылысқандарды татуластыруға тырысу керек.