Untitled Document

Сұхбат... Мәуліт – мұсылмандардың мейрамы

Мәуліт – «туылған уақыт» дегенді білдіреді. Мәуліт түні рабиул-әууәл айының 11 мен 12-сі арасындағы түн. Пайғамбарымыздың туған күні – бүкіл мұсылмандардың мейрамы. Мәуліт түні қуанған, ол түнді құрметтеген мұсылмандар көп сауап алады.

Расулуллаһ алейһиссалам дүниеге келгенде әкесінің ағасы Әбу Ләхәбтың күңі (құлы) Суәйбә «Бауырың Абдуллаһ ұлды болды!» деп сүйінші сұрағанында қуанып «Оған сүт беру шартымен сені азат еттім» деген еді. Сондықтан Әбу Ләхәбтың әр мәуліт түнінде азабы жеңілдейді. Хафыз ибн Жазари Шафии былай дейді: Түсімде Әбу Ләхәбтан жағдайын сұрағанда «Қатты азап тартудамын. Тек Расулуллаһтың дүниеге келгенін сүйіншілеп келген күңімді азат еткенім үшін әр жылы рабиул-әууәл айының 12-ші түнінде азабым жеңілдейді» деді. Әбу Ләхәб секілді азғын кәпірдің жазасы жеңілдейтін болса, ұлы пайғамбардың үмметінен болған мұсылман Ол туылған түні қуанып, садақа беріп, ас беріп пайғамбарымызға деген құрметін, сүйіспеншілігін көрсетсе, жәннатқа қауышады. (М. Насихат)

Бүгін немесе ертең ораза тұту жақсы болады. Расулуллаһ өзінің туған күнінде шүкіршілік үшін ораза тұтатын еді. Хазреті Мәулана «Мәуліт оқылған жерден бәлелер кетеді» деген. Мәуліт түні Қадір түнінен кейін ең құнды түн болып табылады. (Әд-дурәр-ул-мәсун)

«Аллаһ бір кісіге сөз және жазу өнерін берсе, Расулуллаһты мақтасын, дұшпандарын жамандасын!» деген хадис шәрифке мойынсұнылып, ислам әлемінде ғасырлар бойы мәуліт кітаптары жазылған және оқылған. Расулуллаһты мақтау ғибадат болып табылады. Мәуліт оқу – Расулуллаһтың дүниеге келуін, миғражын және өмірін хикаялау, оны еске алу, оны мақтау деген сөз.