Untitled Document

Сұхбат... Әйел ақысы

Хадис шәрифтерде былай делінеді: 

«Мұсылман әйеліне ашуланбасын! Жаман мінезі бар болса, жақсы мінезі де бар болады». (Мүслим) 

«Әйел – әлсіз жаратылыс. Әлсіздігін үндемеу арқылы жеңіңдер! Үйдегі кемшіліктерін көрмеуге тырысыңдар!» (Ибни Лал)  

«Мұсылмандардың иман тұрғысынан ең үстемі – мінезі ең жақсы болғаны және әйеліне ең жақсы, ең мейірімді мәміледе болғаны». (Тирмизи)  

 «Әйелінің және балаларының ақыларын өтемейінше адамның намаздары, оразалары қабыл болмайды». (Мүршид-ун-ниса)  

 «Намаздары қабыл болмайды» дегені намаз борышынан құтылады, бірақ оған берілетін үлкен сауаптарға қауыша алмайды дегенді білдіреді. Намаздары босқа кетеді деген сөз емес. Бір әйелге күйеуі разы болмаса әйел күнәсінің жазасын тартқаннан кейін жәннатқа кіреді. Жәннатқа тек кәпірлер кірмейді. Мұсылманның күнәсі көп болса да, соңында міндетті түрде жәннатқа кіреді.

Үйге келгенде әйеліне сәлем беріп, оның хал-жағдайын сұрау керек, реніші мен қуанышына ортақ болу керек. Өйткені ол – басқалардан үмітсіз және өзіңе ғана байланған жолдасың, дертіңе ортағың, көңіліңді көтеруші, бала тәрбиелеп жетілдіруші және түрлі қажеттіліктеріңді толықтырушы. Хадис шәрифтерде былай делінеді: 

«Жазықсыз әйелін ұрған адамның қияметте дұшпаны мен боламын. Әйелін ұрған адам Аллаһқа және Расулына қарсы шыққан болады». (Р. Насихин)

«Әйелдеріңді жәбірлемеңдер! Олар – Аллаһу та’аланың сендерге берген аманаты. Оларға жылы мәміледе болыңдар, жақсылық жасаңдар!» (Мүслим) 

«Әйеліне күлімдеп қараған еркектің амал дәптеріне бір құл азат еткендей сауап жазылады». (Р. Насихин)  

«Әйелімен жақсы мәміледе болып, қалжыңдасқан адамды Аллаһу та’ала жақсы көреді, ризықтарын арттырады». (И. Лал)