Untitled Document

Денсаулық... Түстер мен денсаулықтың байланысы

-Сары...
Көңіл-күй мен есте сақтау қабілетін жақсартады және ойды ұшқырландырады, нақтылап, ақпаратты жылдам қабылдауға ықпал етеді. Сол сияқты, ол түс тері мен жүйке жүйесінде, көз жанарына пайдалы.
-Көкшіл...
Тыныштандырады, шаршағанды басады. Иммунитетті көтереді. Қобалжу, торығы кезінде көмектесіп, қан қысымын төмендетеді.
-Жасыл...
Жат ойлардан арылтып, жұқарған жүйкені тыныштандырады. Жүрек соғуын реттеп, көзді демалтып, бас ауруын жазады, қан қысымын қалпына келтіреді. Аллергияға қарсы әсері де бар.
-Күлгін...
Сезімталдықты арттырады. Қиялға қанат бітіріп, ойды тереңдетеді. Ашушаң адамды тыныштандырып, шаршағанын басады.
-Қызыл...
Егер сіз әрдайым шаршап, ұйқысырап жүрсеңіз, бөлмеңізге қызыл түсті заттар қойыңыз. Адамның күш-қуатын тасытып, жыныстық белсенділігін арттырады. Ол адамды уайымшылдықтан арылтады. Және жылу береді, оны жиі суық тигіш адамдар көбірек пайдалану керек.
-Қызғылт сары...
Шаршағанды басып, мазасыздықты бәсеңдетеді, тұздарды ыдыратады. Бұл түс тәбетті ашып, гормондық жағдайды қалыпқа келтіреді. Жатын бөлмеге қызғылт сары түсті перде ұстаса, жыныстық ауытқушылық қалпына келеді.
-Көк...
Тыныс алуды жақсартады. Адам жанын жайландырады, тыныштық сезімін тудырады. Ол ауырғанды басатын өте күшті түс. Кітап оқитын шамның қалпағы немесе кілемнің түсі көк болса ұйқы тыныш болады.