Untitled Document

Сұхбат... Жұма намазы

Хазреті Пайғамбарымыз көптеген хадистерінде: «Мұсылман адам жұма күнi ғұсыл алып, жұма намазына барса, бiр апталық күнәлары кешiрiлiп және әрбiр басқан қадамы үшiн сауап беріледі». «Жұма намазын оқымаған кiсiлердiң жүректерiн Аллаһу та’ала мөрлеп тастайды». «Күндердiң ең абзалы – жұма күнi. Жұма күнi – айт күндерi мен ашура күнiнен де абзал. Жұма – осы дүниеде және жәннатта мұсылмандардың мейрамы». «Егерде бiр кiсi жұма намазына ешбір кедергісіз үш рет бармайтын болса, Аллаһу та’ала оның жүрегiн мөрлеп қояды. Яғни жақсылық жасай алмайтын болып қалады». «Жұма күнi бiр уақыт бар, сол уақытта жасалған дұға қайтарылмайды». «Жұма намаздан кейiн жетi рет «Ихлас», «Фәлақ», «Нас» сүрелерiн оқыған кiсiнi Аллаһу та’ала бір апта қазадан, бәледен және жаман нәрселерден қорғайды». «Сенбi күнi яһудилерге, жексенбi күнi христиандарға, ал жұма күнi мұсылмандарға берiлген. Бұл күнде мұсылмандарға берекет пен жақсылық бар».

Жұма күнгi ғибадаттардың сауабы басқа күнде орындалған ғибадаттардың сауабынан екi есе көп. Жұма күні iстелген күнәлар да екi есе болып жазылады.

Шәкәрім Құдайбердіұлының «Мұсылмандық шарты» кітабынан үзінді:

Жұма күні мешітте бесін намазы да жұма намазы деп оқылады. Жұма намазы он сегіз рәкат болады. Әуелі мешітке кіргенде екі рәкат тахийят-ул-мәсжид деген намазды оқиды. Азан айтқан соң имамға ұйымай жұма намазының алғашқы төрт рәкат сүннетін оқиды. Бұдан соң имам мінберге шығып хұтба оқиды. Оны тыңдау уәжіп. Хұтбадан соң қамат айтып жұма намазының екі рәкат парызын имамға ұйып жамағат болып оқиды. Имам әлхам (фатиха сүресі) мен зәм сүрені жария оқиды. Оны да тыңдау керек. Бұдан соң жұма намазының төрт рәкат сүннетін оқиды. Одан соң ақырғы, яғни бесін намазының төрт рәкаты деп ұйымай оқиды. Ақырында осы уақыттың екі рәкат сүннеті деп тағы ұйымай оқиды.