Untitled Document

Ғибрат... Сыйлықты кімге бердің?

Бір әулие кісі шәкірттерінің біріне сыйлық береді де: «Мына сыйлықты ал да, жақын маңдағы мектепте оқитын ең әдемі балаға бер» дейді. Шәкірті жарайды деп, шығып мектеп алдында жүрген жүздеген балалардың ішінен өз ұлына береді. Қайтып келгенінде ұстазы:

- Сыйлықты кімге бердің,- деп сұрайды.

- Өз ұлыма бердім.

- Не үшін?

- Балаларға біршама уақыт қарап тұрдым, бірақ өз ұлымнан әдемісін көре алмадым,- дейді. Әулие кісі күлімдеп оған былай дейді:

- Қиямет күні де Аллаһу та’ала «Рахмет (мейірім) сыйын» Мұхаммед алейһиссаламға береді. Ол махшар алаңына келіп, Махшар халқына қарап, бұл сыйды өз үмбетінің күнәһарларына береді. Хақ та’ала: «Сенің үмметің жаннатқа кірмейінше басқа үмметтер кіре алмайды» дейді.

Денсаулық... Салауатты өмір сүрудің жолы

Қартаюды тоқтату әлі мүмкін бола қоймады, бірақ кешіктіру мүмкін. “Аз жеңдер!”, “Көңілді болыңдар!” және “Жүйелі жаттығулар жасаңдар!” деген кеңестерін айтатын мамандар, бұл ережелер салауатты өмірдің ең басты негіздері екенін атап өтуде. Мамандардың айтуы бойынша, денсаулығы мықты болу және жас көріну үшін ең бірінші каллорияны қысқарту керек, яғни бір адамның алатын күндік каллориясы 1000-1500 ден аспауы тиіс. Әйтпеген жағдайда каллорияны май етіп жинау және қартаю жағдайынан қашу мүмкін болмайды.

Жасалған зерттеулердің нәтижесі каллорияларын 30-40% қысқартқан жануарлардың өмірі 100% көбейгенін көрсетті. Каллорияны қысқарту дегені диета еместігін айтқан мамандар “Барлық нәрсені жей беріңдер, бірақ өте аз жеңдер!” деген ескертулерін жиі қайталауда.