Сұхбат... Хазреті Әлидің өсиеті
Хазреті Әли (радиаллаһу анһ) қайтыс болар алдында ұлдарын жинап, мынадай өсиет қалдырыпты:
- Уа, ұлдарым! Арты жәннат болар жамандық – жамандық емес. Арты тозақ болар жақсылық – жақсылық емес. Жәннаттан өзге барлық игілік қадірсіз. Тозақтан өзге барлық жамандық түк емес.
- Уа, ұлдарым! Кім өзінің кемшілігін көрсе, өзгенің айыбымен шаруасы болмайды. Кім Аллаһтың жазмышына разы болса, жоғалтқанына қайғырмайды.
- Кім жаман ниетімен қылышын қынабынан шығарса, өлімі де сол қылыштан болары хақ.
- Кім өзінің мұсылман туысына ор қазса, сол орға өзі түседі.
- Кім өзінің мұсылман туысының шымылдығын жыртса (айыбын ашса), өз балаларының да шымылдығын жыртқан болады (балаларының да айыбын біреулер ашады).
- Кім өзінің қателігін ұмытса, өзгенің қателігі таудай боп көрінеді.
- Кім өзінің көзқарасын бәрінен артық көрсе, адасады. Кім өзінің ақылын жеткілікті көрсе, жолдан таяды (ақылым өзіме жеткілікті десе адасады).
- Кім адамдарға жоғарыдан қараса, қор болады.
- Кім қорқақпен араласса, соңында абыройсыз қалады.
- Кім жамандықтың шарбағын жағаласа, сөгіске қалады.
- Кім ғұламалармен мәжілістес болса, маңыздылығы артады.
- Кім қалжыңға жақын болса, қадірсіз болады.
- Кім қай жөнінен көп көзге түссе, сол жөнінен танымал болады.
- Кім көп сөйлесе, қателігі көбейеді, ұяты азаяды. Кімнің ұяты азайса, тақулығы азаяды. Кімнің тақулығы азайса, жүрегі өледі. Кімнің жүрегі өлсе , тозаққа кіреді.
- Уа, ұлдарым! Әдеп – еркектіктің өлшемі (таразысы). Көркем мінез – ең жақсы жолдас.
- Уа, ұлдарым! Саулық – он түрлі. Оның тоғызы – үндемеуде, тек Аллаһты зікір ету басқа. Қалған біреуі – ақымақтармен араласуды қоюда.
- Уа, ұлдарым! Исламнан асқан абырой жоқ. Тақуалықтан асқан қадір-қасиет жоқ. Тәубеден тиымды шапағатшы жоқ. Саулықтан әсем киім жоқ.