Untitled Document

Ғибратты оқиға... Халифаны жылатқан сахаба (2)

Химстықтардың шағымын аяғына дейін мұқият тыңдаған хазреті Омар (радиаллаһу анһ) қазынадан қаржы және киетін киім-кешектер беріп елдеріне қайтарады. Мұнан соң қала әкімі Сад бин Амрдың үстінен түскен шағымдардың себебін білу үшін оны құзырына шақыртады. Сад бин Амр (радиаллаһу анһ) хазреті Омардың алдына келеді. Халифа ол кісіге химстықтардың шағым жасағандарын айта келіп, төрт кемшіліктің себебін сұрайды. Сонда Сад бин Амр:

– Бірінші кемшілігіме тоқталсам, жанұямда сырқат кісілер болғандықтан, үйдің бүкіл жұмысын күндіз өзім жасаймын. Сол себепті әкімшілік жұмысына түн қараңғысында ерте келемін.

Екіншісі, күндіз халық үшін қызмет жасағандар кешкі уақытын Хақ та’алаға арнасын деп еркіндік жасағаным болатын. Өйткені мен кеш батқаннан кейін күн бойы халыққа жасаған жұмыстарымның есебін жасаймын. Жасаған істерімнің кемшілігі бар ма, жоқ па деп іздестіре бастаймын.

Үшіншісі, мына үстімдегі киімімнен басқа ауыстырар киімім жоқ. Аптада бір рет осы киімдерімді жуып, тазалау үшін уақытымды арнаймын. Тіпті үйімде жуылған киімнің орнына ауыстырып киерім болмаған соң кепкенге дейін ешкімге көрінбеймін.

Төртіншісі де рас. Хубайбтың шәһид болғаны ойыма түскенде есімді жоғалтып, талып қалатыным бар. Өйткені мүшріктер Хубайбты дарға асып жатқанда мен олардың қастарында болатынмын. Мен оларға қарсы бола алмадым. Ол кезде исламда болмағандықтан, сол бір қайғылы оқиғаны тек көзбен көріп тұрдым. Осы оқиға есіме түсе қалса талықсып ауырып қаламын, – деп төрт жағдайды халифаға баяндап береді.

Сад бин Амрдың сөзін тапжылмай тыңдап отырған халифа Омар (радиаллаһу анһ) көз жасын тыя алмай ақиқатқа көз жеткізеді. Осы кездесуден кейін хазреті Омар Садты (радиаллаһу анһ) есіне түсірсе болды: «Иә, Сад! Аллаһқа деген қорқынышың сенің дәрежеңді қаншалықты көтерді екен?!» – деп еске алатын болыпты.




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31