Untitled Document

Ғибратты оқиға... Алма және Имам Ағзамның әкесі (2)

Хазреті Сабит ахиретке кісі хақысымен кетпеу үшін бұл ұсынысты қабыл етті. Үйлену тойының дайындықтары жасалды. Хазреті Сабит алғашқы түні бөлмеге кіруінен шығуы тез болды. Бірден қайын атасына жүгіріп: «Мырзам, бір қателік бар, іште сіз айтқан қасиеттерге лайық болған қыз жоқ, толығымен терісі!» деді. Қайын атасы күлімдеп: «Балам, ол менің қызым, сенің халалың. Мен саған соқыр дегенім, ол ешқашан харам көрмеген. Керең дегенім, ол еш уақыт харам естімеген. Тілсіз дегенім, ол ешқашан харам сөз айтпаған. Сал болып қалған дегенім, ол ешқашан харамға аяқ баспаған. Бара ғой халалыңның жанына, Аллаһу та'ала құтты және бақытты қылсын» - деді.

Міне осы некеден, яғни осындай ата-анадан Имам Ағзам Әбу Ханифа
(Сәбит бин Нуман) дүниеге келді.

Хазреті Мәулана Мұхаммед Абдулжәлил былай деген: «Имам Ағзам Әбу Ханифа хазрет уәра және тақуа иесі еді. Хадис нақыл ету үшін өте ауыр шарттар қойған еді. Тек осы шарттарға сай болған хадистерді нақыл ететін. Сол себепті аз хадис риуаят етуі тек қана оны мақтауға себеп болып табылады».

Имам Захаби айтады: «Имам Ағзам Әбу Ханифа хадис ғалымы еді. 4000 ғалымнан хадис үйренді. Олардың 300-і табиин хадис ғалымы еді».

Хазреті Имам Шарани: «Имам Ағзамның мүснәд кітаптарынан үшеуін зерттедім. Барлығы табииннің мәшһүр ғалымдарынан риуаят етілген» - дейді.