Ғибратты оқиға... Алма және Имам Ағзамның әкесі (1)
Шәмседдин Сиуасидің “Мәнаких-и Имам Ағзам” атты еңбегінде былай жазылған:
Имам Ағзамның әкесі Сабит (рахметуллаһи алейһ) кіші жасынан бері мінезі таза, тақуа және уәра иесі еді. Жүзі өте нұрлы болып, тақуалығы, халы және ілімі өте терең еді.
Бір күні ол өзен жағасында дәрет алып отырғанында суда ағып келе жатқан бір алманы көрді. Дәреттен кейін суда шіріп кетпесін деп алманы алып жеді. Бірақ түкірігінде қан көрді. Осы кезге дейін мұндай жағдай көрмегені үшін түкіріктегі қанның осы алмадан болғанын жобалады. Жегеніне өкінді. Алманың иесін тауып халалдасу (разылығын алу) үшін өзен жағасымен жүрді. Бір кезде жеген алмасына ұқсаған алмалары бар бақша көрді. Бақшаның иесін сұрастырды. Сол маңайдағы адамдар бақша иесінің өте жомарт және ихсан иесі екенін, тіпті ағаштағы бүкіл алмаларды жинап алып кетсе де ештеңе демейтінін, бір алманың еш маңызды емес екендігін айтты. Бұған қарамастан Сабит (рахметуллаһи алейһ) алманың иесін тапты, мәселені түсіндірді, не ақшасын алуын, не халал етуін сұрады.
Бақша иесі жас жігіттің жағдайын көрген кезде тақуа мен уәрасының дұрыс не бұрыс екенін анықтау үшін былай деді:
- Жеген алмаң үшін не бересің?
- Алтын, күміс, не бар болса барымды берейін.
- Мен алтын, күміс сұрамаймын, бірақ егер қияметте саған шағымдануымды қаламасаң, бір ұсынысым бар, соны қабыл етуің керек.
- Ұсынысыңыз қандай?
- Орындайтын болсаң айтайын.
- Дінімізге қарсы болмаса істей аламын.
- Соқыр, керең, тілсіз және сал болған қызым бар, онымен үйленуге разы болсаң, сол кезде ғана алманы саған халал ете аламын.
жалғасы ертең...