Табиғат... Жыл сайын неше ағаш кесіледі?
1) Жер бетіндегі ормандардың жалпы ауданы 38 миллион шаршы шақырымды немесе жалпы жер көлемінің шамамен үштен бірін құрайды.
2) Ресейде өсетін ормандар жердегі барлық ормандардың шамамен 22%-на тең.
3) Ресейдегі Тайга - жер бетіндегі ең үлкен орман алқабы.
4) 111 метр - әлемдегі ең ұзын ағаштың биіктігі. Бұл АҚШ-тың Калифорния штатында өсетін «мәңгі» жасыл секвойя ағашы.
5) Болжам бойынша 10 мың жылда Еуразия құрлығының барлық ормандарының 65%-дан астамы жойылып қайта жаңарды.
6) Амазонка ормандары жылына 120 миллиард тонна көмірқышқыл газын сіңіреді.
7) Әлемдегі барлық кесілген ормандардың 82% табиғи жолмен немесе адамның араласуымен қалпына келтіріледі. Дегенмен, жыл сайын 95 миллион ағаш қайта қалыпқа келмейді.
8) Бір ағаш жылына орта есеппен 100-ден 700 кг-ға дейін оттегі береді (ағаштың түріне байланысты), 33 кг көміртегін бейтараптандырады, 80 кг зиянды заттарды сіңіреді, 20 кг шаң мен жүз мың текше метрге жуық ауаны сүзеді.
9) А4 қағазының бір парағын жасау үшін 13-тен 21 граммға дейін жоғары сапалы ағаш қажет, ал бір кітапты жасау үшін шамамен 5 килограмм ағаш шикізаты керек.
10) Тек қағаз өндірісі үшін дүние жүзінде жыл сайын 125 миллионнан астам ағаш кесіледі.
Қалаларымыздың кіреберістерінде, қоқыс жәшіктерінің айналасында және көшелерде қаншама қажетсіз жарнамалық газеттер мен парақшалар жатыр!