Untitled Document

Тарих... Меккенің алынуы

Пайғамбарымыз (алейһиссалам) Мекке мүшріктерімен хижреттің 6-шы жылында Худәйбияда келісім жасасады. Алайда мүшріктер хижреттің 8-ші жылында бұл келісімді орынсыз бұзады.

Содан соң Пайғамбарымыз (алейһиссалам) қан төкпеу үшін және жауды алаңсыз кезінде басу үшін жасырын жорыққа дайындалады. Шамамен он екі мыңдай әскермен Рамазан айында Мәдина мүнаууарадан жолға шығады.

Пайғамбарымыз (алейһиссалам) Meккeге бастаған жасақтарына  «Құрайыш қару алып ұмтылмаса, соғыс ашпаңдар!» деп бұйырады. Ислам әскері төрт жақтан бір сәтте ұрыссыз Мекке мүкаррамаға кіреді. Tәкбір үні тау-тасты жаңғыртады. Тек Халид ибн Уәлидтің (радиаллаһу анһ) жасақтары Хандәмә деген жерде шабуылға ұшырап, ұрысуға мәжбүр болады және жауды бір демде қуып тығады.

Жұма күні болатын. Meккe халқы Харамда (Қағба муаззамның айналасы) жиылып, кезінде Расулуллаһқа көрсеткен зорлық-зомбылықтарын еске алып, бүгін өздеріне не болатынын ойлап тұрған. Ал Пайғамбарымыз (алейһиссалам) бәрін кешіреді, «Бара беріңдер, бәрің боссыңдар!» дейді. Бәйтуллаһтың айналасындағы және ішіндегі пұттарды қиратып Қағба муаззамды тазалайды. Біләл Хабәши (радиаллаһу анһ) Қағбаның үстіне шығып азан айтады. Meккe халқына кешірім жарияланады. 

Meккe мүкаррамадағы ер кісілер мен әйелдер топ-тобымен келіп Пайғамбарымызға (алейһиссалам) ант береді. Исламды қабылдайды. Сол күнге дейін Пайғамбарымызға (алейһиссалам) жау болғандар енді оны өз жандарынан артық көретін болады. Бұл жеңіс тек жау қолындағы қаланы өздеріне қаратып қана қоймаған, мұнымен қатар жүректерді жаулап, Аллаһтың дініне, иман мен исламға ашылуына мүмкіндік берген. Жиырма жылдан бері құрайыш мүшріктерінің кедергі болуына орай хақты тануға жабық болған жүректер Меккенің жеңісінен кейін исламға емін-еркін қауышқан.

Пайғамбарымыз (алейһиссалам) жеңістен кейін қайтадан Мәдина мүнаууараға оралды.