Untitled Document

Сұхбат.. Асхаби Каһф

Иса пайғамбардан (алейһиссалам) соң дін дұшпандары жан-жаққа таралған кезде діндерін қорғау үшін барлық нәрселерін тастап көшкен және Тарсустағы үңгірге жасырынған жеті адам мен Қытмир деген күшіктері «Асхабул каһф» деп аталады. Кітаптарда Асхаби каһф деп те келеді. Құран Кәрімнің «Каһф» сүресінде олар туралы баяндалады. Асхаби каһф деп аталған иманды жастар Эфсус, яғни қазіргі Түркиядағы Тарсус қаласының тұрғындары болатын. Олардың алтауы патша сарайында қызмет істейтін, патшаға жақын адамдар болатын. Византия императоры Домитян(ус) немесе Докян(ус) деген адам өте залым және пұтқа табынатын еді. Ол өзін тәңірі деп жариялайды. Эфсус, яғни Тарсус қаласына келгенде жеті жас жігіт Иса пайғамбардың дінін тастамай, қастандықтан құтылу үшін бір үңгірге жасырынады. 309 жыл ұйқыда жатады. Император Теодос кезеңінде оянып, Ариустың шәкірттерімен сөйлеседі. Қайтадан ұйықтайды. Теодос пұтқа табынушылықты жойды. Христиан дінін таратты. Үңгірге барып, Асхаби каһфпен кездесті. Олардың дұғасын, батасын алды. Үңгірдің есігінің алдына ғибадатхана салдырды. 395 жылы қайтыс болды. Асхаби каһфтің есімдері: Ямлиха, Макселина, Мислина, Марнуш, Дабернуш, Шазенуш, Кафаштатаюш және күшіктері Қытмир. Пайғамбарымыздың кезеңінде хазреті Әбу Бәкір мен хазреті Әли Асхаби каһфке барады. Олар ұйқыдан тұрып, оларды көреді. Расулуллаһқа иман келтіргендерін айтып дұға сұрайды. Асхаби каһф хазреті Мәһди кезеңінде қайтадан оянып, оның қасына барады, әскері болып жәрдем береді. Күшіктері Кытмир да жұмаққа кіреді. Бір хадис шәрифте былай делінді: «Асхаби каһф (рахметуллаһи та’ала алейһим әжмаин) оянып, үңгірден шығады және хазреті Мәһдидің әскері болады». Асхаби каһф өз дәуірінде барлық жақты бүлік қаптаған кезде хижрет жасау арқылы осындай жоғары дәрежеге қол жеткізген.