Жалғасы... Адам есімі берілген астаналар (2)
Коломбо – Шри-Ланка астанасы. Араб, Қытай, Рим көпестері Коломбо қаласының айлағына 2000 жыл бұрын келіп, VIII ғасырда бұл жердің теңіздегі барлық саудасын бақылаған. Ал португалдықтар болса XVI ғасырда келіп, саяхатшы Христофор Колумбтың құрметіне қаланың атауы Коломбо болып өзгерген. Содан кейін 1656 жылы қаланы голландиялықтар басып алады, ал 1802 жылы Коломбо Цейлон Британдық колониясының астанасы болды. 1948 жылдан — доминион Цейлон астанасы, 1972 жылдан — Шри-Ланка Республикасының астанасы болып келеді.
Жаңа Зеландия астанасы – Веллингтон. Веллингтон қаласының атауы атақты британдық қолбасшы, Ватерло жанындағы майданның жеңімпазы, Ұлыбритания премьер-Министрі Артур Уэлслидің құрметіне, қаланы мәңгі есте қалдыру мақсатында, сондай-ақ қаланың негізін қалаушыға алғыс ретінде «Веллингтон» деп аталған.
Валлетта – Мальта астанасы. Валлетта – Мальта Республикасының астанасы, мемлекеттің экономикалық және саяси орталығы. Қаланың аты рыцарь, теңіз флоты қолбасшысы, иоанниттер орденінің иегері, 1565 жылы түріктерден аралды қорғап қалған жаңа Паризо де ла Валлетта есімді кісінің құрметіне аталған.
Чили астанасы – Сантьяго. Сантьяго қаласының атауы испандық қасиетті қамқоршы Яго – апостол Иакова құрметіне аталған (исп. Santiago, San Iago, San Tiago, San Diego). Қала ірілі-ұсақты 37 аймақтан құралған және 1818 жылдан бастап тәуелсіз Чилидің астанасы болып келе жатыр.
Ernur.kz