Сіз білесіз бе?! Адам есімі берілген астаналар (1)
Вашингтон – АҚШ астанасы. Вашингтон қаласы 1800 жылы АҚШ астанасы болып жарияланады, ал іргетасы одан он жыл бұрын қаланған. Джордж Вашингтон ел тарихындағы тұңғыш Президент мәртебесін алғандықтан, қалаға есімі берілген. Алғашқыда елдің саяси орталығы ретінде салынған қала сол кездегі штаттардың ешқайсысының құрамына кірмеген. Сондай-ақ, бастапқыда Мэриленд және Вирджиния штатының аумағында болды, кейін қаланың аумағынан жеке автономды облыс құрылып Тәуелсіз Колумбия округі пайда болды.
Париж – Франция астанасы. «Париж» сөзінің шығу тегіне байланысты бірнеше нұсқа бар, ал олардың ең танымалы - «римдік» нұсқа. Онда спартандық патша Менелаяның ұлы - Еленаны ұрлаған, троян соғысының батыры, Приана патшасының ұлы Паристің құрметіне қала атауы берілген деп айтылады.
«Сан-Марино» атымен аталатын мемлекет және астана. Сан-Марино елінің іргетасы IV ғасырда қалана бастаған. Аңыз бойынша, 301 жылы Адриатия теңізіндегі Раб аралына (қазіргі Хорватия аумағы) алғашқы христиан қауымдарының мүшесі Марин достарымен бірге барған және Монте-Титано тауының маңына қоныстанған. Ол осы жерді алғашқы болып ашады және онда адамдар қоныстана бастайды. Кейіннен сол жерде шағын монастырь пайда болады. Негізін қалаушы әулие Марина аты бойынша аталған бұл монастрь VI ғасырдың соңына дейін тәуелсіз болады да, 855 жылға дейін көршілес Урбино герцогтігінің құрамына кіреді. Қазір сол жылдан бастап қайта тәуелсіз мемлекет болып келе жатқан Сан-Марино планетаның ең ескі Республикасы деп айтылады. Айта кетейік, бұл елдің астанасы да Сан-Марино деп аталады.
жалғасы ертең...