Untitled Document

Денсаулық... Көк шайдың пайдалары

Көк шай, денсаулыққа деген пайдаларының себебімен әлемдік деңгейде өте маңызды сусын халіне келген. Оның пайдалары:

● С витаминінен 100 есе, Е витаминінен 25 есе жақсы.

● Көк шай қатерлі ісік қауіпін азайтады.

● Қартаюға қарсы көмектеседі.

● Арықтауға көмекші болады.

● Әр түрлі аллергияға пайдасы бар.

● Тері қатерлі ісігіне қарсы көмектеседі.

● Стресстің жеңілдеуіне көмектеседі.

● АИВ вирусының жайылуын тоқтатуы мүмкін.

● Альцгеймердің баяулауына көмектеседі.

● Сүйектерді қуатты ұстауға көмектеседі.

● Құлақ инфекциясы проблемасының жазылуына көмектеседі.

● Глюкозаның әрекетін тоқтатып, семірудің алдын алады.

● Қанның құрамындағы шекер деңгейінің жылдам артуын теңестіреді.

● Бауырдағы зиянды еркін радикалдарды жояды.

● Жоғары қан қысымын алдын алуға көмектеседі.

● Азықтан улануға себеп болатын бактерияларды өлтіреді.

● Инфекцияларға қарсы иммунитет жүйесін қуаттандырады.

● Тіс ауруларына жол ашатын бактерия және вирустарды жояды.

● Буын қабынуының алдын алады және шеміршек тіндерін қорғайды.

● Холестеринді түсіреді, жүрек ауруына және сал ауруына қарсы қорғайды

Өсиет...Өзіңді жлқшылықтан сақта

Лұқман хәкім ұлына былай деп өсиет еткен екен: «Ұлым, адал кәсіп етіп, өзіңді жоқшылықтан сақта. Жоқшылық көрген адам мынандай үш қайғыға тап болады:

Біріншіден, дінін әлсіретеді: яғни, сеніміне кір келтіреді. Өйткені, кедейлік адамды жаман ниетке жетелейді.

Екіншіден, ақылын азайтады. Өйткені, мұқтаждық адамның еңсесін түсіріп, есін шығарады.

Үшіншіден, адамгершілігі әлсірейді. Адамдарға жек көрінішті болады».