Untitled Document

Ғибрат... Дүние сендерді алдап қоймасын

Аллаһу та’ала Ибраһим алейһиссаламға: «Күрегіңді алып, пәлен тауға шық. Сол жерде бір қабір бар, соны қазып, ішінде не барын қара!» деп бұйырды. Ибраһим алейһиссалам әлгі тауға шығып, қабірді табады. Аллаһу та’аланың әміріне мойынсұнып қабірді қазғанында, ішінен өте үлкен бір адамның денесі мен басында бір тақтайшаны көреді. Бұл тақтайшада мыналар жазылған еді:

«Мен Ад қауымының патшасымын. Мың жыл өмір сүрдім, мың әскермен соғысып, барлығын жеңдім. Мың рет үйлендім, мың балам болды. Мал-мүлкімнің санын, шегін өлшей алмайтын халге келдім. Бірақ бір күні жазылмайтын бір ауруға шылдықтым. «Мені бұл дерттен құтқарыңдар, не қаласаңдар соны беремін.» дедім. Тіпті бүкіл жинаған мал-мүлкімді беруге де разы болдым. Бірақ емшілерлердің барлығы ешқандай шара таба алмады. Өлім аузындамын, сол себепті осы сөздерді жазып қалдырдым. Менің соңғы сөзім мынау: Бұл дүние мені алдағанындай, сендерді де алдамасын. Мен күшіме, мал-мүлкіме сендім. Маған ештеңе болмайды деп ойладым. Бірақ өте әлсіз екеніме көзім жетті. Бүкіл жинаған мал-мүлкім ауруға шипа бола алмады. Мен отта жандым, ең болмаса сендер жанбаңдар. Дүниеге мен алдандым, бірақ сендер алданбаңдар!»

Қорыта айтқанда адам қаншама қуатты болса да, қандай нәрселерге ие болса да, үйі, жұмысы, досы, әйелі, барлығы бір күні жоқ болады. Қабірге тек кебінімен ғана кіреді. Өлім – пәлекет емес. Өлгеннен кейін басына келетін нәрселерді білмеу, оған дайындалмау – пәлекет. Ахиретте қайда баруды қаласақ, соған қарай дайындалуымыз керек. Ол жерде жаннат пен жаһаннамнан басқа барар жер жоқ. Жаннатқа кіру үшін дұрыс иман иесі болу және дінге мойынсұну керек.