Untitled Document

Отбасы... Ажырасудың балаларға әсері

Ажырасудың балаларға тигізетін әсері баланың жасына, ажырасудан алдыңғы және кейінгі шарттарға байланысты.

Бұрын болған проблемалар, ажырасу кезінде және ажырасудан кейін туындаған қиындықтардан баланың әсерленуі де баланың қанша жаста екендігіне байланысты. 

Ажырасар кезде 6-7 жастан кішкентай балалар не болып жатқанын түсіне алмайды. Ата-ананың жағдайды түсіндірмеуі немесе бір-бірлерін айыптаулары баланың зейінінің бұзылуына себеп болуы мүмкін. Кішкентай бала ажырасуды, ата-анасының жаңадан басқаға үйленулерін түсіне алмайды. Не үшін әкесінде немесе шешесінде қалғанын ұқпайды. Екеуін де көргісі келеді, олардың бірге болғанын қалайды. Ойындағы мұндай шиеленіскен жағдайларда бала айналасындағылармен қарым-қатынасын үзуі немесе агрессивті болуы мүмкін.

Балалар кейбір жағдайларда болған істен өздерін жауапты деп білуі мүмкін. Ата-ана балаға қатысты мәселелерде жанжалдасса, мысалы баланың кімде қалуы бойынша таласып жатқан болса, бала бұл істерден өзін кінәлі сезінеді. Әкесі немесе шешесі көріп кетуге келмеген болса, олардың басқа істері шығып қалу мүмкіндігін ойламай, «Мені жақсы көрмегендіктен келмеді» деп ойлайды. Шешесінің қолында қалған болса, шешесінің әкесі туралы айтқан сөздерінен әсерленіп, өздері де соған ұқсас сөздерді айтуы мүмкін. Ата-анасынан бірінің жанында болса, екіншісінен бас тартуы мүмкін. Өйткені оны баласына жамандауы мүмкін. Кейін бала да оны көргісі келмей қалады. Мысалы, бала әкесінің қолында қалған болса, әкесі басқа әйелге үйленсе, баласына бірінші әйелін жамандап, баланы одан алыстатуы мүмкін.

Әрбір ажырасудың балаға міндетті түрде кері әсері болады. Маңыздысы сол әсерлердің ең аз деңгейге түсірілуін қамтамасыз ету. Ол үшін алдымен ата-ананың баланың қай тарапта қалуы жайлы бір келісімге келуі, баланы бір-біріне қарсы қолданбауы және әсіресе 5-6 жастан кіші балалардың анасының қолында қалулары керектігі қамтамасыз етілу керек.