Сіз білесіз бе?.. Қызықты мәліметтер
» Інжулер сірке суында ериді.
» Сәбізге рең беретін каротин (сарғыш-қызғылт пигмент).
» Шолпан – сағат тілі бағатымен айналатын ғаламшар.
» Ең көп асфальтты жолға ие өлке – Франция.
» Эйфель мұнарасының төбесіне шығу үшін 1792 баспалдақтан өту керек.
» Адамдар өте қатты түшкіретін болса, қабырғалары сынуы мүмкін.
» 1 сағат құлаққап (наушник) тыңдағанда құлақтағы бактериялардың саны 700 %-ға артады.
» Қасқырлар 30 км қашықтықтан бөлтірігіне азық тасиды.
» Суық климатта өмір сүретін тұщы су тасбақаларына жататын тасбақалар күзде терең тыныс алып, су астына түсіп, көктемге дейін өмір сүреді. Үш ай оттегісіз ортада көмірсулардың (негізінен глюкозаның) ыдырауынан энергия алады. Олардың жүректері минутына бір рет соғады.
» Эдисон электр шамына қажетті материалды табуы үшін 3000 рет тәжірибе жасаған.
» Темекінің құрамындағы шайырлы (смола) затқа жасалған тәжірибенің нәтижесінде тышқанның арқасына жағылған жерден қатерлі ісік пайда болған.
» 1971 жылы Жапонияның Исигаки аралында болған биіктігі 85 метрге жеткен толқын – дүние жүзіндегі ең үлкен толқын болып табылады.
» Адамның шашы 3 кг салмақты көтере алатындай серпімді болады.
» Құрбақалар еш нәрсе ішіп жеместен үш жыл бойы өмір сүре алады.
» Ыстық су суық судан да ауыр болады.
» Кетчупты бұрын дәрі ретінде қолданған.
» Қолтырауындар суға терең батуы үшін тас жұтады.
» Дүниеде ең көп қолданылатын есім – Мұхаммед.
» Денеміздегі ең күшті бұлшық ет – тіл.
» Дельфиндер бір көздерін ашып ұйықтайды.
» Дүние жүзіндегі ең жылдам жануар – қабылан (гепард). Жылдамдығы 112 км/сағ-қа дейін жетеді.
» Дүние жүзіндегі ең жылдам ұшатын құс – сұр қарлығаш.